2021 жылдың 1 мамырына облыс әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 2059 өтініш келіп түсті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 481 – ге артық (2020 ж. - 1578).
Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 421 – і жоғары тұрған органдардан, оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігінен - 272, ҚР Премьер – Министрі Кеңсесінен – 38, министрліктерден – 82, ҚР Парламентінен-29.
Өтініштерде көбінесе көтерілген сұрақтар: тұрғын үй беру және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері - 595, әлеуметтік қамсыздандыру (материалдық және әлеуметтік көмек көрсету, білім беру, денсаулық сақтау туралы) – 242, мемлекеттік басқару (лауазымды адамдардың жер дауларын және басқаларды шешудегі іс – әрекеті мен әрекетсіздігі, лауазымды адамдарға шағымдар, жеке мәселелер бойынша қабылдау туралы өтініштер) – 372, жер беру және жер пайдалану – 261, кәсіпкерлік - 116, мәдениет – 101, ауыл шаруашылығы – 100, құрылыс – 70.
Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласынан – 551, Алматы қаласынан -311, Талғар ауданынан – 220, Қарасай ауданынан – 193, Іле ауданынан – 176, Еңбекшіқазақ ауданынан – 166, Жамбыл ауданынан – 60 түскен.
Өтініш берушілердің әлеуметтік құрамы бойынша халықтың барлық топтары бар, сонымен қатар облыс басшылығының қабылдауына өздерінің проблемалық мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін көп балалылар және зейнеткерлер жиі өтініш білдіреді.
Жеке қабылдауда облыс басшылығы 145 адамды қабылдады, оның ішінде 37-сі оң шешім алды, 108 – сына түсініктеме берілді.
Келіп түскен барлық өтініштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралып, әрқайсысы бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.