Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі аппаратына 2020 жылдың 8 айында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге шолу

Есепті кезеңде  облыс әкімінің аппаратына 3888 өтініш келіп түсті, оның ішінде 3158-і жеке тұлғалардан, 730-ы заңды тұлғалардан, соның ішінде – 317 ұжымдық.

Жалпы келіп түскен өтініштердің 653-сі  жоғары органдардан, оның ішінде ҚР Президенті Әкімшілігінен – 433, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінен – 92, Министрліктерден – 90, ҚР Парламентінен –38.

Өтініштерде көбінесе төмендегі мәселелер жиі көтерілген:  тұрғын үй беру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 953,  әлеуметтік қамтамасыз ету  – 849, жер пайдалану және жер  учаскелерін бөлу – 395, мемлекеттік басқару – 374, ауыл шаруашылығы – 219, мәдениет – 135, кәсіпкерлік – 147, құрылыс мәселелері -127.

 Облыс басшылығы жеке мәселелері бойынша 343 адамды қабылдады, оның ішінде 66 мәселе оң шешімін тапты, 277-сіне түсініктеме берілді, соның ішінде 32 адам онлайн режимінде қабылданды.

          Мысалы, Талғар ауданы Панфилов а. тұрғынының Жамбыл көшесі бойынша өске түсетін жүктемені шектеу туралы жол белгісін қою туралы өтініші бойынша а.ж. 22 маусымда Талғар ауданы жол полициясы басқармасының ұйғарымы болған және 23 маусымда «8т» өске түсетін жүктемені шектеу» жол белгісі орнатылған;

- Ақсу ауданында футбол алаңын салу туралы – өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 7 млн. 680 мың теңге бөлінген. Мердігерлік шарт 2020 жылғы 29 сәуірде жасалып, футбол алаңының құрылысы 2020 жылғы 23 маусымда аяқталды;

- Ақсу ауданы Жансүгіров а. сумен қамту жүйесіне күрделі жөндеу жүргізу бойынша – Жансүгір а. сумен қамту жүйесіне күрделі жөндеу жүргізу үшін «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 145 млн.теңге бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен 102 млн. 127 мың теңге және жергілікті бюджеттен 43 млн.769 мың теңге. Мердігерлік шарт «ПМК-105» ЖШС-мен 2020 жылғы 30 наурызда жасалған, бүгінгі күні жөндеу аяқталған;

- Ескелді ауданы Қарабұлақ а. Ұн тарту комбинаты ауданындағы жаяу жүргіншілер өткелдеріне реттемелі бағдаршам орнату туралы – Қарабұлақ-Текелі тасжолына бағдаршам орнату үшін облыстық бюджеттен 4 млн 600 мың теңге бөлінген. "Strong Company One" ЖШС мердігер ұйымымен шарт жасалған. Жұмыстар атқарылып, бағдаршам орнатылды, мәселе шешілген;

- Іле ауданы Өтеген батыр а. орталық стадионын жөндеу туралы – ЖҚЖК арқылы сомасы 73 млн. теңге бюджет қаржысы бөлінді. Орталық стадионда әрлеу жұмыстары аяқталды. Спорт алаңын, көше тренажерлары мен стриворкаут алаңын төсемдеу жұмыстары жүргізілуде, жұмыстар орындалған;

  • Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының тұрғыны Ж. Шарипованың материалдық көмек көрсету туралы өтініші бойынша – балалардың қашықтықтан оқуын ұйымдастыру үшін бір компьютер жиынтығы, бір ноутбук беріліп, интернетке қол жеткізу үшін роутер орнатылды.

ҚР Президентінің көмекшісі – азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөлімі меңгерушісінің  тапсырмасы бойынша әр жұма сайын облыс басшылығы онлайн режимінде қабылдау өткізуде, онда 32 адам қабылданды.

Келіп түскен өтініштердің барлығы қаралды, әрқайсысына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптар мен түсініктемелер берілді.

Дата публикации
09 сентября 2020
Дата обновления
09 сентября 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы