2021 жылдың 1 маусымына облыс әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан 2594 өтініш келіп түсті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 631 – ге артық (2020 ж. - 1963).
Келіп түскен өтініштердің жалпы санының 492 – сі жоғары тұрған органдардан, оның ішінде: ҚР Президенті Әкімшілігінен - 326, ҚР Премьер – Министрі Кеңсесінен – 45, министрліктерден – 88, ҚР Парламентінен-33.
Өтініштерде көбінесе көтерілген сұрақтар: тұрғын үй беру және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелері - 685, мемлекеттік басқару (лауазымды адамдардың жер дауларын және басқаларды шешудегі іс – әрекеті мен әрекетсіздігі, лауазымды адамдарға шағымдар, жеке мәселелер бойынша қабылдау туралы өтініштер) – 446, жер беру және жер пайдалану – 318, әлеуметтік қамсыздандыру (материалдық және әлеуметтік көмек көрсету, білім беру, денсаулық сақтау туралы) – 252, кәсіпкерлік - 116, мәдениет – 116, ауыл шаруашылығы – 106, құрылыс – 78.
Өтініштердің басым бөлігі Талдықорған қаласынан – 642, Алматы қаласынан - 480, Талғар ауданынан – 242, Қарасай ауданынан – 234, Іле ауданынан – 199, Еңбекшіқазақ ауданынан – 172, Жамбыл ауданынан – 62 түскен.
Өтініш берушілердің әлеуметтік құрамы бойынша халықтың барлық топтары бар, сонымен қатар облыс басшылығының қабылдауына өздерінің проблемалық мәселелері бойынша шешім қабылдау үшін көп балалылар және зейнеткерлер жиі өтініш білдіреді.
Жеке қабылдауда облыс басшылығы 166 адамды қабылдады, оның ішінде 42-сі оң шешім алды, 124 – сына түсініктеме берілді.
Келіп түскен барлық өтініштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралып, әрқайсысы бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.