Есепті кезеңде облыс әкімі аппараты басшылығының атына жеке және заңды тұлғалардан 7348 өтініш келіп түскен, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1159-ға артық (2020 ж. – 6189)
Жалпы өтініштердің 1492-сі жоғары тұрған органдардан түскен, оның ішінде:
ҚР Президенті Әкімшілігінен – 893;
ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінен – 142;
Министрліктерден – 335;
ҚР Парламентінен – 122.
1978 өтініш Электронды Үкімет порталы және «suraktar.kz» арқылы жіберілген, бұл келіп түскен өтініштердің жалпы санының 26,9 %-sн құрайды.
Көтерілген мәселелердің сипаты бойынша ең көбі:
-1953 (26,1%) – тұрғын үй беру және коммуналдық-шаруашылық мәселелері;
- 1213 (16,5%) – мемлекеттік басқару мәселелері (жер және басқа да дауларды шешудегі лауазымды тұлғалардың әрекеті және әрекетсіздігі, лауазымды тұлғалардың үстінен түскен шағымдар, жеке мәселелері бойынша қабылдауға өтініштер);
-1191(16,2 %) – жер беру және жерді пайдалану;
- 660 (8,9%) – әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері (материалдық және әлеуметтік көмек көрсету,білім беру, денсаулық сақтау);
- 419 (5,7%) – кәсіпкерлік мәселелері;
-272 (3,7%) құрылыс мәселелері;
-296 (4,0%) – ауыл шаруашылығы мәселелері;
-234 (3,2%) – мәдениет мәселелері.
Өтініштердің негізгі бөлігі 7109 (жалпы түскен өтініштердің 96,7 %) алғашқы сипатта, қалған 239-ы (3,2%) - қайта жолданған.
2020 жылы келіп түскен өтініштердің 542-і (7,4%) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, 43-і (0,5%)Қазақстан Республикасы Премьер-Министр Кеңсесініңбақылауына алынған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес 1740 өтініш тиісті мемлекеттік органдарға қайта бағытталған, олар 23,7%-ды құрайды.
Өтініштердің көпшілігі Талдықорған қаласынан-1690 (23,0%), Алматы қаласынан – 1376 (18,7%), Талғар ауданынан -757 (10,3%), Қарасай – 672 (9,1%), Іле – 571 (7,7%), Еңбекшіқазақ - 599 (8,1%), Жамбыл ауданынан - 208 (2,8%) келіп түскен, барлығы –5873, олар жалпы өтініштер санының 79,9%-ін құрайды.
Өтініш иелерінің әлеуметтік құрамы бойынша халықтың барлық негізгі топтары бар, сонымен қатар облыс басшылығының атына көбінесе өздерінің проблемалық мәселелері бойынша шешім қабылдау туралы өтінішпен көпбалалы аналар мен зейнеткерлер жүгінеді.
Кодекстің 90-бабына сәйкес мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары тиісті мемлекеттік орган басшысы бекіткен қабылдау кестесіне сәйкес айына кемінде бір рет азаматтарды және заңды тұлғалар өкілдерін, соның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдау жүргізулері тиіс.
Жеке қабылдау кезінде облыс басшылығы 372 адамды қабылдап, оның 82-сі оң шешім алған, 290-ына түсініктеме берілген.
Талдау көрсеткендей, өтініштердің көпшілігі облыс орталығынан, Алматы қаласынан және Алматы қаласымен шекаралас халық тығыз қоныстанған өңірлерден түскен. Барлық өтініштер Кодексте белгіленген талаптарға сәйкес қаралады.
Жергілікті атқарушы органдар тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аталған проблемаларды шешу бойынша шаралар қабылдауда.
Мемлекеттік органдардың сайттарында "жиі қойылатын сұрақтар" бөлімі ашылды, онда білім беру гранттарын беру, балабақшаға кезектілік, балаларды мектепке қабылдау, әртүрлі мақсаттарға жер беру тәртібі, тұрғын үй алуға кезекке қою, кезектілікті бақылау, атаулы әлеуметтік көмек, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік төлемдер тағайындау және табысын жоғалту туралы неғұрлым сұранысқа ие тақырыптарға жауаптар орналастырылған.
Азаматтардың өтініштерін қарауды жаңа фоматқа көшіру бойынша жұмыс жалғасуда және бақылауға алынды. Өтініште қойылған мәселені барынша шешу, немесе қолданыстағы заңнама шеңберінде нақты және айқын түсіндіру үшін жауаптардың уақытылығын, сапасын қамтамасыз ету және шаралар қабылдау тапсырылды.
Облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша жауапты лауазымды тұлғалар бекітілген.
Ағымдағы жылдың 1 – ші шілдесінен бастап Кодексті іске асыру мақсатында «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды.
Бүгінгі таңда «Е-Өтініш» жүйесіне барлық басқармалар, аудан, қала және ауылдық округ әкімдіктері, мәслихаттар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, ХҚКО және тексеру комиссиясы қосылған.
Осыған байланысты, бекітілген кестеге сәйкес Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының базасында облыстың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерін оқыту жүргізілді. Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, облыс әкімі аппаратымен санитарлық-
эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, "оффлайн" режимде қосымша семинарлар өткізу туралы шешім қабылданды.
Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Азаматтардың өтініштерінің
қаралуын бақылау жөніндегі бөлім, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімі және цифрлық технологиялар басқармасымен бірлесіп, (50) басқармалары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерінің қатысуымен ҚР ӘРПК негізгі ережелерін және "Е-Өтініш" ақпараттық жүйесіндегі жұмысты түсіндіру бойынша семинар өткізді.
Атап айтқанда, білім басқармасы жанындағы облыстық мекемелердің, аудандық және қалалық бөлімдердің, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағынысты медициналық ұйымдардың басшылары мен мамандары қатысты. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 23-26
қараша аралығында облыс әкімі аппаратының жоғарыда көрсетілген
бөлімдері бекітілген кестеге сәйкес "ZOOM" платформасы арқылы "онлайн"
режимде "каскадты" семинарлар өткізді. Барлығы 905 адам қатысты, қатысушылар контингенті: облыстық басқармалардың, аудандар мен қалалар
әкімдері аппараттарының қызметкерлері, аудандық және қалалық бөлімдердің басшылары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының әкімдері мен мамандары.
Түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта "Халық үніне құлақ
асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде азаматтардың
өтініштерін қарау жөніндегі жұмыстың жай-күйін жетілдіру мақсатында Алматы облысы әкімінің 2021 жылғы 12 қарашадағы "облыс әкімдігінің басқармаларында, әкімдердің аппараттарында және Алматы облысының аудандары мен қалалары әкімдіктерінің құрылымдық бөлімшелерінде өтініштерді қарау бойынша жұмыстарды тексеру жөніндегі бақылау іс-шараларын жүргізу туралы" өкімі негізінде қалыптастырылған мониторингтік топ тексеру іс-шараларын жүргізуде. Сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша әкімдіктер қызметкерлерінің қатысуымен оқытусеминарлары өткізілді.
Алматы облысының әкімінің әлеуметтік желілерде жеке парақшасы ашылып, осы күнде белсенді жұмысын жүргізуде.
Сондай-ақ,халықпен кері байланысты орнату мақсатында «Facebook», «Instagram», «Twitter», «Вконтакте», «Мой мир» әлеуметтік желілерінде облыс әкімі баспасөз қызметінің ресми парақшалары тиімді жұмысжүргізіп келеді. Оқырмандар мен жазылушылардан келіп түскен өтініштерге, пікірлер мен шағымдарға түсіндірулер мен жауаптар уақытылы беріліп отырады.
Облыс әкімінің жеке парақшалары мен әкімнің баспасөз қызметінің парақшаларына оқырмандар тарапынан көптеген өтініш-тілектер мен арыз-шағымдар келіп түсуде. Олар бойынша тиісті мемлекеттік мекеме мен құзырлы орган басшыларына тұрғындардың атап көрсеткен түйткілді мәселелерінің мән-жайын анықтап, шешімін табу бойынша нақты тапсырмалар берілуде. Пікірлер мен өтініштердің мазмұнына қарай кейбір сұрақтардың жауабын баспасөз қызметінің мамандары өз құзыреті шеңберінде желі қолданушыларына уақыт оздырмай тиісті жауабын беруде.
Сонымен қатар, халықпен кері байланысты белсенді қылумақсатында «Алматы облысы әкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі» Telegram-каналы жұмыс істейді.
Облыс әкімі аппаратының ғимаратында қоғамдық қабылдау бөлмесі бар, онда күнделікті келушілермен жұмыс жүргізілуде. Көтерілген мәселелер сипаты бойынша қабылдау жүргізу үшін басқармалардың басшылары, аудан әкімдері, облыс әкімінің бас инспекторлары-өңірлердің жетекшілері шақырылады.
Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының «Онлайн – қабылдау» бірыңғай платформасында Алматы облысы әкімінің аппараты «Сұрақ қою» кіші бөлімін орнатты.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселесі ерекше бақылауда тұр.