Ішкі саясат басқармасы Қазақстан халқының мемлекеттілігі мен бірлігін қамтамасыз етуге, әлеуметтік-саяси тұрақтылықты нығайтуға, халықтың азаматтық белсенділігі мен жағымды әлеуметтік көңіл-күйін қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдауға және дамытуға, өңірдегі этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруда.
Облыста 105 этнос өкілдері тұрады, 35 этномәдени орталық, 373 жұмыс істеп тұрған үкіметтік емес ұйым, Алматы облысының 11 "Ардагерлер Одағы" қоғамдық бірлестігі, 35 жастар бірлестігі, 17 бұқаралық ақпарат құралдары, 7 саяси партиялардың облыстық филиалдары жұмыс істейді.
Қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға және әлеуметтік шиеленіс ошақтарын анықтауға бағытталған жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Ай сайын барлық аудандар бөлінісінде әлеуметтік шиеленіс картасы жаңартылып отырады.