БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ
БАҚ назарына!
Құрметті әріптестер!
Алматы облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Жаңа замандағы жаңа Қазақстан» атты сурет байқауын өткізу жоспарланып отыр.
Шара аясында, оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, белсенділіктерін арттыру аспектілері қарастырылады.
Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі оқушалардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру. Дарынды жастарды анықтау және көпшілікке шығармашылық шеберліктерін, қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік жасау.
Ұйымдастырушы: Алматы облысының жастар ресурстық орталығы.
Сіздерден аталған шараға қатысуларыңызды және ақпараттық қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз!
Өткізілетін күні: 26 қаңтар, сағат: 11:00
Өткізілетін орны: Талдықорған қаласы, «Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп интернаты» КММ.
Алматы облысының жастар
саясаты мәселелері басқармасы
( 8 (7282) 40 18 15
8 775 081 763