Облыстың жергілікті атқарушы органдары Тізілімге сәйкес 190 мемлекеттік қызмет түрін көрсетті.
2019 жылы барлығы 7,8 млн. қызмет көрсетілді, оның ішінде қағаз түрінде – 1,2 млн. (16,3%), электрондық түрде – 6,3 млн. (80,2%) және ХҚКО арқылы – 276 мың (3,5%).
Анықтама: қызметтердің негізгі саны Денсаулық сақтау саласында – 50,8%, ветеринария және ауыл шаруашылығы саласында – 36,6% көрсетілді.
2019 жылы 43 мемлекеттік қызмет мерзімі бұзылып көрсетілді. Барлық бұзушылық фактілері бойынша тәртіптік шаралар қолданды.
521 бақылау іс - шаралары өткізілді, оның ішінде 306 - мемлекеттік органдарда және 215 - ведомстволық бағынысты ұйымдарда, оның нәтижелері бойынша 563 ұсыныс берілді.
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және "электрондық үкімет" порталын пайдалануды ынталандыру үшін 670 019 адам қамтылған 2 875 түсіндіру іс- шаралары өткізілді.
Облыс тұрғындары санынан 15 031 адам сандық сауаттылықты арттыру курстарынан өтті. Осы мақсатта 42,5 млн. теңге бөлінді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменті мен облыстың білім беру басқармасы және Үкімет мемкорпорациясы филиалымен жасалған меморандум аясында 574 012 адам оқытылды.
Электрондық мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2 077 өзіне - өзі қызмет көрсету бұрышы-connection point құрылды. Олар арқылы 320 мыңнан астам қызмет көрсетілді.
Халыққа қолайлы жағдай жасау үшін Райымбек, Қаратал, Қарасай, Көксу аудандарымен Талдықорған қаласында "Сервистік әкімдік"ашылды.
Бұл жұмыс облыстың басқа аудандары мен қалаларында жүргізілетін болады.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру
"Геоақпараттық портал" ақпараттық жүйесін енгізу шеңберінде 22 қызмет түрін автоматтандыру бойынша жұмыстар аяқталды, оның ішінде 15 қызмет түрі жер мәселелері бойынша, 7 сәулет және қала құрылысы саласында. Сондай-ақ, сандық технологиялар басқармасымен Білім және спорт саласында 12 қызмет автоматтандырылды.
Аталған қызметтер пилоттық режимде 2020 жылдың 2 тоқсанының соңына дейін іске асырылатын болады.