2021 жылғы 15 ақпанда "Алматы облысының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері және 2021 жылға арналған міндеттері туралы"облыс әкімінің есебі тыңдалды. Облыс әкіміне өңірге инвестиция тарту, кәсіпкерлерді, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылды.
2021 жылғы 2 сәуірде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің "мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттану деңгейін арттыру"мәселесі жөніндегі есебі тыңдалды. Аталған мемлекеттік органға 5 ұсыныс жолданды. Жауап ақпараты сұралмады.
2021 жылғы 15 маусымда Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының "облыс аумағында қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау, кәдеге жарату және көму бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасының жай-күйі және оларды орындау жөніндегі шаралар туралы"ақпараты тыңдалды. Мемлекеттік органға 8 ұсыныс жолданды. Жауап ақпараты сұралмады.
2021 жылғы 25 мамырда Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің "Алматы облысының тұрғындарын жаппай вакцинациялау және коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы"ақпараты тыңдалды. Мемлекеттік органға 13 ұсыныс жолданды. Жауап ақпараты сұралмады.
2021 жылғы 25 мамырда Алматы облысы қаржы басқармасының 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебі тыңдалды. Есеп қанағаттанарлық деп танылды, ұсынымдар шығарылған жоқ.
22 қоғамдық тыңдау өткізілді, оның барысында жергілікті өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің 34 жобасы жария талқыланды:
Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысын дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы"жобасы
Алматы облысы әкімдігінің "асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы"қаулысының жобасы
Алматы облысы әкімдігінің "2021 жылға арналған тыңайтқыштарға арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ тыңайтқыштарға арналған субсидиялардың көлемін бекіту туралы"қаулысының жобасы
Алматы облыстық Мәслихатының "Алматы облысының аумағында төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, олардың алдын алу және жою жөніндегі, бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделген қағидаларды бекіту туралы"шешімінің жобасы
Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы "Алматы облысы әкімдігінің 2019 жылғы 06 қарашадағы № 487 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы "Алматы облысы әкімдігінің қаулы жобасы
Алматы облысы әкімдігінің "облыс аумағында карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы"қаулысының жобасы
Алматы облысы әкімдігінің "2021 жылға арналған Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы"қаулысының жобасы
Алматы облыстық Мәслихатының "Алматы облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 50 - 255 "Алматы облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы"шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімінің жобасы
Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қарашадағы № 508 " спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың қорытынды түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы "қаулысына өзгерістер енгізу туралы"
Алматы облыстық Мәслихатының "Алматы облысында 2021 жылға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы"шешімінің жобасы
Алматы облысы әкімдігінің "акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы"қаулысының жобасы
Алматы облысы әкімдігінің "2021 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы"қаулы жобасы
Алматы облысы әкімдігінің "әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы"қаулысының жобасы
Алматы облыстық Мәслихатының " Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы "Алматы облысының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы" № 26-130 шешіміне өзгеріс енгізу туралы"шешімінің жобасы
Алматы облыстық Мәслихатының "Алматы облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы "Алматы облысының 2021 – 2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы" № 64-339 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " шешімінің жобасы
Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 232 "Алматы облысының елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы "қаулысына өзгерістер енгізу туралы "Алматы облысы әкімдігінің қаулы жобасы
"Іле ауданы Жетіген ауылдық округі Қайрат ауылының әкімшілік бағыныстылығын өзгерту туралы"Алматы облыстық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен шешімінің жобасы
Алматы облысы әкімдігінің "діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы"қаулысының жобасы
Алматы облысы әкімдігінің "Түрген, Көкөзек және Сарқан өзендерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" қаулысының жобасы
Алматы облыстық Мәслихатының "Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 13 қарашадағы "Алматы облысында 2019-2021 жылдарға арналған әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы" № 37-204 шешіміне өзгерістер енгізу туралы " шешімінің жобасы
Алматы облысы әкімдігінің "пестицидтерге, биоагенттерге (этномофагтарға) арналған субсидиялардың тізбесі мен нормаларын бекіту туралы"қаулысының жобасы
Алматы облысы әкімдігінің "Талдықорған-Үшарал "магистральдық газ құбырының желілік бөлігін орналастыру және пайдалану үшін қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысының жобасы
Алматы облыстық Мәслихатының "Алматы облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 желтоқсандағы" Алматы облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" № 16-129 шешіміне өзгерістер енгізу туралы " шешімінің жобасы
Алматы облыстық мәслихатының Регламентін бекіту туралы "Алматы облыстық мәслихатының 2014 жылғы 14 ақпандағы № 28-171 шешімінің күші жойылды деп тану туралы" Алматы облыстық мәслихаты шешімінің жобасы
Алматы облыстық мәслихатының "барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілердің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" шешімінің жобасы
Алматы облыстық мәслихаты шешімінің жобасы
"Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту және ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы"
"Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы"облыс әкімдігі қаулысының жобасы
Алматы облыстық Мәслихатының "Алматы облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы "Алматы облысының 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы" № 64-339 шешіміне өзгерістер енгізу туралы " шешімінің жобасы
Алматы облыстық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 45-261 шешімімен жаңа редакцияда бекітілген "Алматы облысының (қаласының, ауданының) Құрметті азаматы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің " Алматы облысы жергілікті атқарушы органдарының "А" корпусының мемлекеттік саяси қызметшілеріне және мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру Қағидалары және оның сипаттамасы"қаулысының жобасы
Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 75 "асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы "қаулысына өзгерістер енгізу туралы"Алматы облысы әкімдігінің қаулы жобасы
"Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы"Аламта облысы әкімдігінің қаулы жобасы
Алматы облысы әкімдігінің "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы"қаулы жобасы
Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысында бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің әдістемесі мен базалық құнын бекіту туралы"қаулы жобасы