Облыс әкімдігінің 2013 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен Алматы облысы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның (бұдан әрі – облыстың ТҚК) құрамы мен ережесі бекітілді.
Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығымен (бұдан әрі – ҚР ТҚО), Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментімен (бұдан әрі – ҰҚКД) келісім бойынша жыл сайын облыстың ТҚК жұмыс жоспары бекітіледі.
Облыстың ҰҚКД келісімі бойынша 2021 жылға арналған Алматы облысында терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі облыстық ТҚК іс-шаралар жоспары бекітілді.
Облыстық ТҚК жұмысы қолданыстағы заңнамаға, ҚР ТҚО ұсынымдары мен нұсқауларына сәйкес құрылады және терроризмнің алдын алуға, сондай-ақ оның ықтимал салдарын барынша азайту және жою бойынша іс-шаралар өткізуге бағытталған.
2021 жылдың есептік кезеңінде 4 отырыс өткізілді (3 кезекті, 1 кезектен тыс), 13 мәселе қаралды, 120 хаттамалық шешім қабылданды. Жұмыс тобының 12 отырысы өткізілді.
Ай сайын 22 мемлекеттік органнан ТҚК ақпараттық қажеттіліктерінің тізбесі бойынша мәліметтер келіп түседі. Қорытындысы бойынша ай сайын нақты шаралар әзірлене отырып, экспресс-талдаулар жасалады және тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіледі (ТҚК төрағасы-облыс әкіміне 11 экспресс-талдау ұсынылды).
ТҚК шеңберінде Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) іске асырылуда (өңірлік жоспар әкімдіктің 02.05.2018 ж. №202 қаулысымен бекітілген).
ТҚК аппаратымен тоқсан сайынғы және жартыжылдық негізде ақпаратты жинақтау және жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жолдау жүзеге асырылады.
Діни алауыздықты немесе араздықты қоздыруға бағытталған экстремистік идеяларды жақтаушы адамдар санын азайту жөніндегі нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін діни экстремизм мен терроризмнің пайда болуы мен таралуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, зерделеуге, жоюға бағытталған құқықтық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралар кешені іске асырылады.
Облыста 21 ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс істейді, олардың құрамында 314 адам бар: 1 облыстық, 3 қалалық, 17 аудандық. АТТ құрамына: 117 мемлекеттік қызметші, мәслихаттың 1 депутаты және Нұр Отан партиясының басшылары, 15 қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ҚХА және этномәдени топтардың 2 өкілі, 21 дінтанушы, 6 теолог (ҚР ЖОО), ҚМДБ 56 имамы, Діни бірлестіктердің 10 өкілі, 17 құқық қорғау органдарының қызметкері, 22 БАҚ өкілі, 32 ЖОО-ның, мектеп директорлары мен мұғалімдері, аурухана меңгерушілері мен қызметкерлері, ДІБ мен КММ-нің 2 қызметкері, ардагерлер кеңесінің 13 өкілі енгізілген.
Барлық 21 АТТ теолог-мамандармен жасақталған (Ақсу ауданы 9/2, Алакөл ауданы 15/3, Балқаш ауданы 10/3, Еңбекшіқазақ ауданы 12/5, Ескелді ауданы 17/3, Жамбыл ауданы 17/5, Іле ауданы 13/3, Қарасай ауданы 16/5, Қаратал ауданы 19/3, Кеген ауданы 15/5, Кербұлақ ауданы 11/3, Көксу ауданы 11/3, Панфилов ауданы 18/5, Райымбек ауданы 17/5, Сарқан ауданы 10/3, Талғар ауданы 19/5, Ұйғыр ауданы 10/4, Қапшағай 14/5, Текелі 14/3, Талдықорған қаласы 19/7, облыстық АТТ 28/13).
Облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, діни экстремизмнің алдын алу және радикалды идеяларға қарсы иммунитетті қалыптастыру мәселелері бойынша басқарма және жергілікті атқарушы органдар, дін саласындағы проблемаларды зерттеу орталығының қызметкерлері, мұсылмандар мен православ христиандарының діни басқармасының өкілдері, сондай-ақ облыстық және аудандық БАҚ тілшілері 520 мақала жариялады.
Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде (Facebook, Vkontakte, Instagram, YouTube) 10 370 материал, оның ішінде 8 750 ақпараттық, 1 100 бейнематериалдар орналастырылды және жарияланды.
Алматы облысы әкімдігінің жанындағы ТҚК аппараты