Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімінің 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтауы

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

 

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында бұл мемлекеттік мереке бейбіт те берекелі өмірімізге, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы жолдағы өлшеусіз еңбегіне деген құрметіміздің символы іспеттес. 

Қазақстанның жаңа тарихының жарқын беттері Тұңғыш Президенттің есімімен етене байланысты. Осы отыз жыл ішінде республиканың егемендік идеясы сәтті іске асырылды, дамудың жаңа белесіне көтерілдік, Еуразия кіндігінде жаңа қала тұрғызылды, халықтың этникааралық, конфессияаралық бірлігі қамтамасыз етілді.     

Бүгінде ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен экономиканың тұрақтылығына, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған іргелі істерден өрлеу жолындағы жалғастық көрініс тауып отыр.

Құрметті жетісулықтар! Татулық пен келісімнің арқасында қол жеткізген жетістіктерді одан әрі еселей отырып, туған өлкемізді өркендетуге өзара бірлесіп бар күш-жігерімізді жұмсаймыз деп ойлаймын.

Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, еселі еңбек, отбасыларыңызға шаттық пен бақыт тілеймін!

Дата публикации
01 декабря 2021
Дата обновления
01 декабря 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы