Профилактиканың неғұрлым тиімді әдісі ретінде тұмауға қарсы вакцинациялауға дұрыс көзқарасты қалыптастыру арқылы халықтың денсаулығын нығайту және сақтау, адамдарға өздері және өз отбасылары үшін денсаулық пайдасына таңдау жасауға және шешімдер қабылдауға көмектесу, тұмауға қарсы вакцинациялаудан бас тартумен байланысты тәуекелдер мен салдарларға жұртшылықтың назарын аудару, ЖРВИ, тұмау және пневмококты алдын алу шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау және мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу (алкогольді шамадан тыс тұтынудың, темекі шегудің алдын алу, дене белсенділігін арттыру, дұрыс тамақтануды сақтау) мақсатымен облыстың 1 мыңнан астам тұрғынын қамтумен 59 түрлі ақпараттық-түсіндіру, сауықтыру, коммуникативтік іс-шаралар (семинарлар, тренингтер, дискуссиялар, акциялар, спорттық іс-шаралар) ұйымдастырылды.
Соның ішінде, 200 адамды қамтумен 4 акция, 687 адамды қамтумен 30 семинар және дәріс-тренингтер, 170 адамды қамтумен 15 пікірсайыс, 111 адамды қамтумен 10 спорттық шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.