Меню

Страницы

Статья

Салқындатқыш және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар Алматы облысында талқыланды

            ҚР Сауда және интеграция Министрілігінің Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті, «Хабиби», «Siyara Park» және «Тұлпар» сауда үйлерінде жұмыс кездесуін өткізді.

            Мақсаты: Кеден одағының 030/2012 «Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентінің талаптарын түсіндіру.

            Қысқы суықтың басталуымен, автокөлік иелерінің арнайы, салқындатқыш және шыны жуатын сұйықтықтарға деген сұранысы едәуір өсті, осыған байланысты салқындатқыш сұйықтықтарды өндіретін және өткізетін кәсіпкерлердің жауапкершілігі артады.

            Жұмысына кездесуіне қатысушыларға, Қазақстан Республикасының нарығында, Кеден одағының 030/2012 «Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін, салқындатқыш және шыны жуатын сұйықтықтарды кристалдана бастау температурасы және таңбалауы бойынша сатылуы, орын алғаны туралы ақпарат жеткізілді.

            «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының 40-бабының 4-тармағына сәйкес, Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері және олардың лауазымды адамдары бақылау және қадағалау субъектілеріне және техникалық регламенттер қолданысқа енгізілген өнімге қатысты оны айналымға шығару сатысында жүзеге асырылады.

            Кеден одағының 030/2012 техникалық регламентінің талаптарына сәйкес келмейтін, салқындатқыш және шыны жуатын сұйықтықтарды өндіру, сату жағдайды орын алғанда, дайындаушыға, импорттаушыға, сатушыға, дайындаушыға уәкілетті тұлғаларға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қаралды.

Дата публикации
04 ноября 2021
Дата обновления
04 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Paryz.kz
Ақпарат
21 октября 2026
AstanaTV+OrdaFM
Ақпарат
21 октября 2026
Adaladam.kz

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы