Меню

Страницы

Статья

"Дені сау ұлт " әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау"

АОСӨСҚПО "Алматы облысында 2021 жылдың 9 айында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша атқарылған жұмыс" тақырыбында облыстық онлайн-семинар ұйымдастырды. Семинарға қатысушылар облыстың 17 ауданы мен 3 қаласының СӨСҚ кабинеттерінің қызметкерлері.

Семинар барысында "АОСӨСҚПО" ЖШС директоры, м.ғ. к. Арслан Индершиев Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 7 қазандағы № 670 Жарлығымен бекітілген "Дені сау ұлт " әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасымен таныстырды.

Семинарға қатысушылар СӨСҚ кабинеттерінің жұмыс нәтижелерімен танысты. Ағымдағы жылдың 9 айында ақпараттық-ағартушылық қызмет барысында облыстың 504 891 тұрғыны (24,5%) қамтылды, 2020 жылы 116 105 адам (5,6%). Ең көп қамту – Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле аудандарында.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлесі үшін Ақсу, Алакөл, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Қаратал, Кеген, Кербұлақ, Панфилов, Райымбек, Сарқан, Талғар, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай, Текелі қалаларының қызметкерлері Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының грамотасымен марапатталды.

 

Дата публикации
29 октября 2021
Дата обновления
29 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы