Мемлекеттің тұрақтылығы, оның экономикалық дамуы көбінесе отбасының физикалық және рухани саулығына, мемлекеттің оның проблемаларына, мүдделері мен қажеттіліктеріне қарым-қатынасына байланысты. Оның негізінде, белсенді өмір салтын жүргізуге қоғамның назарын аудару; дене белсенділігімен тұрақты айналысуға және дұрыс тамақтануға бейілділікті қалыптастыру; физикалық инерттілік пен зиянды әдеттердің салдары туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру; халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін ақпараттық алаң құру; денсаулықты сақтау және нығайту пайдасына қоғамдық оң пікір қалыптастыру жатыр.
Дені сау отбасы дегеніміз не? Дені сау отбасы - жайлы психологиялық климат, рухани мәдениет, бала кезінен қартайғанға дейін денсаулықты сақтау мен нығайтуға деген ұстамдылық, әлеуметтік және материалдық әл-ауқатты отбасы. Отбасы - жақсы әдеттер
"Дені сау отбасы - салауатты ел!" ұлттық бағдарламасының мақсаты қоғамның, қалың бұқара халықтың назарын отбасында белсенді өмір салтын жүргізуге, отбасы институтын сақтауға және нығайтуға, өмірдің барлық кезеңдерінде салауатты өмір салтына деген көзқарасты қалыптастыруға, адамдарға өздері және өз отбасылары үшін денсаулық пайдасына таңдау жасауға және шешімдер қабылдауға көмектесу болып табылады.
Осылайша, Ұлттық бағдарлама шеңберінде 5-нан астам облыс тұрғындарын қамтитын 49 түрлі ақпараттық-түсіндіру, сауықтыру, бос уақытты өткізу, коммуникативтік іс-шаралар (семинарлар, тренингпен дәрістер, пікірталастар, акциялар, спорттық іс-шаралар) ұйымдастырылды.
Соның ішінде, 150 адамды қамтумен 3 акция, 500 адамды қамтумен 20 семинар, 147 адамды қамтумен 12 пікірсайыс, 4 533 адамды қамтумен 14 спорттық шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.