Меню

Страницы

Статья

Салық төлеушіні салық органдарында тіркеу

 

  1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорын қалыптастыру жолымен салық төлеушілердi есепке алуды жүргізеді.

  2. Салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқоры салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе болып табылады.

  3. Салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорын қалыптастыру:

      1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу;

      2) салық төлеушіні:

      дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде;

      қосылған құн салығы бойынша;

      жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушi ретінде тіркеу есебіне алу болып табылады.

  1. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін салық төлеуші ретінде тіркеу:

      1) аталған тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорына енгізуді;

      2) салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорындағы тіркеу деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды;

      3) салық төлеушілердің мемлекеттiк дерекқорынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастауды қамтиды.

  1. Салық төлеушіні тіркеу есебі салық төлеушіні осы баптың 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қоюды, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығаруды қамтиды.

  2. Салық органдарына:

      1) уәкілетті мемлекеттік органдар;

      2) осы Кодекстің 24-бабының 1) және 7) тармақшаларына сәйкес екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

      3) салық төлеуші ұсынған немесе мәлімдеген салық төлеуші туралы мәліметтер салық төлеушінің тіркеу деректері болып табылады.

  1. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:

      1) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны – жеке тұлғаның тұрғылықты жері;

      2) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес азаматты Қазақстан Республикасындағы соңғы тіркеу орны – Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұратын, Қазақстан Республикасында тіркеу орны жоқ Қазақстан Республикасы азаматының тұрғылықты жері;

      3) салық органында дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген, дара кәсіпкер және жеке практикамен айналысатын адам қызметін басымдықпен жүзеге асыратын орын – дара кәсіпкердің және жеке практикамен айналысатын адамның орналасқан жері;

      4) Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген, резидент-заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлiмшесiнiң, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерi – оның орналасқан жерi;

      5) салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген, қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын орын – филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның орналасқан жері;

      6) директорлар кеңесінің жиналысында айқындалған немесе осыған ұқсас басқару органы айқындаған, салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген және басқару органының тиісті хаттамасында көрсетілген нақты басқару органының Қазақстан Республикасында орналасқан жері – тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның орналасқан жері;

      7) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес айқындалған, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның уақытша болатын жері шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болатын жері деп танылады.

      Бұл ретте осы Кодекстің 658-бабына сәйкес салық төлеу бойынша салықтық міндеттеме туындайтын, Қазақстан Республикасына келмейтін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам үшін осындай шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістер төлейтін тұлғаның тұрғылықты жері оның болатын жері деп танылады.

  

Салық төлеушiлердің мемлекеттік дерекқорындағы

тiркеу деректерін өзгерту және толықтыру

 

  1. 1. Салық органдары салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде ұсынылған, мыналардың:

      1) жеке тұлғаның тіркеу деректеріне – Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері негізінде;

      2) резидент-заңды тұлғаның және оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің тіркеу деректеріне – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтері немесе тиімді басқару орны (нақты басқару органының орналасқан жері) Қазақстан Республикасында болатын шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің негізінде;

      3) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу деректеріне – тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде;

      4) осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына ие тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде, осы Кодекстің 650-бабының 8-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу деректеріне – осындай бейрезидентті салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініштің немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану саласындағы құзыреті шегінде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың осы Кодекстің 650-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген акцияларды, қатысу үлестерін бейрезидент-заңды тұлғаның сатып алуы туралы мәліметтері негізінде;

      5) резидент-заңды тұлғаның орналасқан жері өзгерген кезде 75-баптың 2-тармағының 5) тармақшасында аталған бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу деректеріне – Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің осындай резидент туралы мәліметтері негізінде;

      6) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгінің, шет мемлекеттің консулдық мекемесінің тіркеу деректеріне – тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде;

      7) қызметін осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесi ретінде қаралатын тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу деректеріне – тәуелді агенттің салық органына ұсынған салықтық өтініші негізінде;

      8) резидент-банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент-заңды тұлғаның тіркеу деректеріне – банк хабарламасы негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізуді жүзеге асырады.

  1. Заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің бюджетпен есеп айырысулар бойынша жауапты қызметкері, телефон нөмірі, электрондық поштасының мекенжайы туралы мәліметтерді өзгерту тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш негізінде жүзеге асырылады.

  2. Салық төлеушілердің банктік шоттары туралы мәліметтерді өзгерту банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодекстің 24-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынылған мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

  3. Салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жеріндегі салық органына өзгерістер туындаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

  4. Салық органдары салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер енгізуді сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың мәліметтерін, тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

 

Салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік

дерекқорынан алып тастау

 

  1. Салық органдары салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінің мәліметтері негізінде немесе салықтық өтініш бойынша мынадай себептермен:

      1) жеке тұлғаның қайтыс болуы немесе қайтыс болды деп жариялануы;

     2) орындалмаған салықтық міндеттемелер не Қазақстан Республикасының аумағында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болмаған жағдайда, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуі және азаматтығын тоқтатуы;

      3) алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      4) заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталуы немесе заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің есептік тіркеуден шығарылуы;

      5) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тиімді басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан жерінің) өзгеруі;

      6) бейрезиденттің тұрақты мекеме арқылы қызметін тоқтатуы;

     7) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында қызметін тоқтатуы;

      8) егер осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 4), 5) және 6) тармақшаларында аталған бейрезиденттің Қазақстан Республикасында өзге салық салу объектісі болмаған жағдайда, мұндай бейрезиденттің мүлікке, акцияларға және (немесе) қатысу үлестеріне құқықтарының тоқтатылуы;

      9) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгі, шет мемлекеттің консулдық мекемесі қызметінің тоқтатылуы;

      10) осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағына сәйкес бейрезиденттiң тұрақты мекемесi ретінде қаралатын Қазақстан Республикасындағы тәуелді агент арқылы осы бейрезидент қызметінің тоқтатылуы;

      11) резидент-банкте ағымдағы шотты ашу мақсатында салық төлеуші ретінде тіркелген бейрезидент-заңды тұлғаға, банк хабарламасы алынған күннен бастап алты ай ішінде осындай бейрезиденттің резидент-банктерде ағымдағы шоттары болмаған, сондай-ақ ағымдағы шоттарды ашуы туралы мәліметтер болмаған жағдайда, жабылуы бойынша алып тастайды.

  1. Салық органы осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 3) – 11) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларды салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастау мақсатында тіркеуші органға:

      1) Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғаны – тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде;

      2) осы Кодекстің 650-бабына сәйкес мүлікті, акцияларды, бағалы қағаздарды, қатысу үлестерін сатып алатын (өткізетін), табыс салығын есептейтін салық агенті болып табылатын бейрезидент-заңды тұлғаны – тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде;

      3) алып тасталды – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      4) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгін, шет мемлекеттің консулдық мекемесін – сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігінің, шет мемлекеттің консулдық мекемесінің қызметін тоқтатуы туралы мәліметтері негізінде;

      5) осы Кодекстің 75-бабы 2-тармағының 8) тармақшасында аталған бейрезидент-заңды тұлғаны – тәуелді агенттің тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініші негізінде;

      6) резидент-банкте ағымдағы шоты бар бейрезидент-заңды тұлғаны – бейрезиденттің ағымдағы шотының жабылуы туралы банк хабарламасы негізінде тіркеу есебінен шығару туралы электрондық хабарлама жібереді.

  1. Салық органдары осы баптың 2-тармағында көрсетілген бейрезиденттер туралы мәліметтер көрсетілген электрондық хабарламаны тіркеуші органға тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш, банк хабарламасы алынған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.

  2. Салық органы салық төлеушіні салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан алып тастауды салық төлеушінің орындалмаған салықтық міндеттемелері болмаған жағдайда сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәліметтерінің негізінде жүргізеді.

 

Дата публикации
11 октября 2021
Дата обновления
11 октября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы