Меню

Страницы

Статья

Алматы облысы ТЖД МӨББ бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау майоры А.А. Пархоменконың баяндамасы

Алматы облысы ТЖД МӨББ

бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау майоры

А.А. Пархоменконың баяндамасы

 

 

Құрметті _____________________

Құрметті әріптестер

 

  • Объектілерді есепке алу және тексерулерді жүзеге асыру

Департаменттің аумақтық бөлімшелерімен 2021 жылға 17 370 объект есепке алынды, оның ішінде - тәуекел дәрежесі жоғары 3 816, тәуекел дәрежесі жоғарыға жатпайтын 13 554 объектілер, оның ішінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жатпайтын 3 787 объект және 13 583 жеке кәсіпкерлік объектілері есепке алынды.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне 435 тексеру жүргізілді, оның ішінде 280 ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, 155 орта кәсіпкерлік субъектілеріне және 2 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (түскен шағымдар бойынша).

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны және мемлекеттік өрт бақылау нұсқамаларын орындамағаны үшін, сондай-ақ өрттердің туындауына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін өрт-техникалық тексеру нәтижелері бойынша 184 жеке кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 80 субъектіге ескерту түрінде, 104 субъектіге жалпы сомасы 7 млн.161 мың 235 теңгеге айыппұл түрінде (өндіріп алу 100% - ды құрайды).

  • Өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, әкімшілік кедергілерді азайту және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту

Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау жеке, заңды тұлғалардың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.

Шаруашылық жүргізу объектілерін тексеру өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау және алдағы жылға арналған тексеру жоспарлары негізінде жүргізіледі.

Тексеру жоспарларына сәйкес тек тәуекел дәрежесі жоғары объектілер (адамдар көп жиналатын объектілер, ауруханалар, мектептер, балабақшалар, ТД, базарлар және т.б.) тексеріледі.

Тексеру жоспарына тіркелуден үш жыл өтпеген шағын кәсіп субъектілері, аудиттің оң қорытындысы бар объектілері, сондай-ақ ағымдағы жылы бұзушылықтар анықталмаған объектілер енгізілмейді.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының бақылау және қадағалау саласындағы заңнамасында тексерулерді ұйымдастыру мәселелерінде тексерілетін субъектілер үшін бейілді жағдайлар жасайтын және негізсіз және кенеттен тексерулер жүргізуді болдырмайтын ережелер қарастырылған.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында өзгерістер енгізуге жол берілмейтін тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарлары орналастырылады.

Бұдан басқа, бақылау және қадағалау органдары тексеру жүргізудің мерзімдері мен нысанасын көрсете отырып, тексерудің өзі басталғанға дейін кемінде отыз күнтізбелік күн бұрын ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізудің басталатыны туралы тексерілетін субъектіні міндетті түрде жазбаша түрде хабардар етеді.

Жоғарыда көрсетілген ережелер тексерілетін субъектіге алдағы тексеру туралы білуге және оған дайындалу үшін жеткілікті уақыттың болуына мүмкіндік береді.

Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылаудың ерекшелігін ескере отырып, тексеру парақтарын тексерілетін субъектілер үшін неғұрлым түсінікті форматта баяндау бөлігінде өзектендіру жүргізілді.

Жалпы сипаттағы және санатына, қызмет түріне және құқықтық мәртебесіне қарамастан барлық объектілерде орындауға жататын өрт қауіпсіздігінің бірқатар талаптары бір тексеру парағында шоғырланған.

Қалған тексеру парақтарында жалпы сипаттағы талаптар алынып тасталды, бұл олардың көлемін азайтуға және тексерілетін субъектілер үшін түсінікті етуге мүмкіндік берді.

Бұл ретте аккредиттелген ұйымның тәуекелге тәуелсіз бағалау жүргізуге оң қорытындысын алған адал кәсіпкерлерді қорытындының қолданылу кезеңінде тексерулерден босату (жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда), сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтары болмаған жағдайда белгіленген кезеңділікке сәйкес жоспарланатын ерекше тәртіппен келесі тексерістен босату түрінде көтермелеу нысандары енгізілді.

Сондай- ақ, өрт қауіпсіздігі ережелеріне кейбір өзгерістер енгізілді.

Сонымен, ӨҚЕ-ден «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің талаптарын қайталайтын 28 тармақ алып тасталды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес 17 тармақ келтірілді, 8 тармаққа редакциялық сипаттағы түзетулер енгізілді.

Бұдан басқа, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыру үшін азаматтық қорғау органдарының қорытындысы не рұқсаты талап етілмейді.

Рұқсат беру жүйесін реформалау қандай да бір қызмет түрін келісу сатысында өрт қауіпсіздігі желісі бойынша бақылаудың барлық қолда бар элементтерін толығымен алып тастады. Мәселен, 2009 жылдан бастап 68 рұқсат беру рәсімі алынып тасталды (оның ішінде кәсіпкерлердің 20 лицензияланатын қызмет түрлері бойынша азаматтық қорғау органдарының қорытындыларын алу қажеттілігі алынып тасталды).

Бүгінгі күні жеке және заңды тұлғаларға қандай да бір қызметті жүзеге асыру үшін өрт қауіпсіздігі саласында қандай да бір қорытындылар алудың қажеті жоқ.

Осылайша, өрт қауіпсіздігі саласындағы рұқсат беру құжаттарының саны 15 есеге қысқарды.

Бұдан басқа, Президенттің «Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне (оның ішінде микрокәсіпкерлік) қатысты тексерулер жүргізуге мораторий енгізу туралы» Жарлығына сәйкес 2021 жылы тексерулер кестесінен 675 шағын бизнес субъектісі алынып тасталды.

Шағын бизнесті тексеру тек ТЖ Министрінің тапсырмасы негізінде, келіп түскен шағымдарға сәйкес және өрескел бұзушылықтар болған жағдайда ғана жүргізіледі, оларды жоймау халықтың өмірі мен денсаулығына жаппай қауіп төндіруі мүмкін (2020 жылы Талғар ауданы, Белбұлақ ауылы мекенжайы бойынша «Q. Mobo» ЖШС қатысты 1 тексеру және ағымдағы жылы Іле ауданы, Өтеген батыр кенті, Абай көшесі №23 мекенжайы бойынша ЖК Билеровтың «Әлем» кафесіне қатысты 1 тексеру жүргізілді).

Сондай-ақ, Департамент Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасымен кәсіпкерлікті одан әрі дамыту, бірлескен қызметтің конструктивтілігі, ашықтығы мен тиімділігі мақсатында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Осы келісім аясында 2021 жылы бизнес субъектілерімен 74 дөңгелек үстел өткізілді.

Мораторийдің қолданылу кезеңінде аумақтық бөлімшелер кәсіпкерлікті бақылау субъектілерінің ақпараттық хабарламаларына баса назар аудара отырып, жұмысты қайта құрды.

Осыған байланысты, бүгінгі күні бақылау субъектілеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы 2017 ақпараттық хабарлама жіберілді, бұқаралық ақпарат құралдарында 865 материал жарияланды, оның ішінде 18 теледидар, 576 радио, 271 баспа басылымдарында.

 

 

Назарларыңызға рахмет!

Баяндама аяқталды!

 

Дата публикации
08 октября 2021
Дата обновления
08 октября 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы