Меню

Страницы

Статья

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау

Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және оларды жоюға, сондай-ақ халық денсаулығын және мекендеу ортасын қорғау және өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мақсатында олардың сақталуын бақылау мен қадағалауға бағытталған.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектілері (эпидемиялық мәні бар объектілер) екі топқа бөлінеді:

1) эпидемиялық мәні жоғары объектілер;

2) эпидемиялық мәні болмашы объектілер.

Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.

Эпидемиялық мәні болмашы объектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы немесе бармай профилактикалық бақылау жүргізіледі.

Департаменттің аумақтық басқармалары эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді тексеруді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет – ресурсында орналастырылған тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелері негізінде жүргізеді.

Жалпы, 2021 жылы 1525 объектіге тексеру жүргізу жоспарланған (1 жартыжылдық – 852, 2 жартыжылдық – 673), оның ішінде есептік кезеңде тексерумен 820 объект немесе 53,7% қамтылған (1 жартыжылдықта – 764).

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде 809 объектіде санитариялық талаптардың бұзылуы анықталды.

Ең жиі орын алатын бұзушылықтар келесілер жатады: зертханалық зерттеулер нәтижелерінің (су, ауа, тамақ өнімдері) және зертханалық-аспаптық өлшеулердің (шу, микроклимат, жарық) сәйкес келмеуі, ҚР және облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қаулыларының талаптарын сақтамау, сондай-ақ өндірістік бақылаудың болмауы, дезинфекциялық режимді бұзу, дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстарды жүргізуге шарттардың болмауы, объектілерде персоналдардың медициналық тексерулер мен гигиеналық оқытудан уақтылы өтпеуі.

Анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ олардың атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді.

Сонымен қатар, Департамент және оның аумақтық басқармалары Еуразиялық экономикалық (Кедендік) одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді өндіру мен өткізуді анықтауға және жолын кесуге бағытталған өнім қауіпсіздігіне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Мониторинг сауда объектілерінде өнімдердің (тауарлардың) бақылау үлгілерін сатып алу және оларға санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жасау арқылы жүргізіледі.

2021 жылдың кезеңінде өнім қауіпсіздігін мониторингтеу шеңберінде 1700-ден астам өнім үлгілері зерттелді. Сараптама нәтижелері бойынша өнімнің 16% техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеді. Сәйкес келмейтін өнімдердің ең көп пайызы ет, балық, сүт және құс өнімдеріне тиесілі. Өнеркәсіптік тауарлар тобының ішінде - балаларға арналған киім, жеңіл өнеркәсіп өнімдері. Ең жиі кездесетін бұзушылықтар – өнімді таңбалау ережелерін бұзу, өнімнің бактериялық ластануы, физикалық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеуі.

Анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді, сәйкес келмейтін өнімді өндірушілердің, өнімді жеткізушілердің атына анықталған бұзушылықтарды жою үшін хабарламалар жіберілді.

Пандемияға және Қазақстан Республикасының аумағындағы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Жұқпалы аурулардың таралуына байланысты карантин мен шектеу іс – шараларын енгізу кезінде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын объектілерге қатысты жаңа тексеру парағы әзірленді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің «Санитариялық – эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 5 шілдедегі №ҚР ДСМ – 78/2020 бұйрығы шықты, оған сәйкес Санитариялық қағидаларға эпидемияға қарсы іс-шаралар бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласының заңнамасындағы міндетті талаптардың бұзушылықтарын алдын алу бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында Департамент және оның аумақтық басқармалары тексерулер жүргізу барысында облыстық бұқаралық ақпарат құралдары, «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілері арқылы онлайн-семинарлар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Дата публикации
08 октября 2021
Дата обновления
08 октября 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы