«Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» басшысының бизнес-қоғамдастық алдындағы бақылау қадағалау органдарының "бірыңғай есеп беру күніне" сөйлеген сөзі
Талдықорған қ. 30.09.2021 ж.
Құрметті бизнес-қауымдастық кәсіпкерлері!
Жер қатынастарын реттеудің қолданыстағы әдістерінің бірі мемлекеттік бақылау болып табылады. Бірақ, қазіргі уақытта, бірлескен жоспарлы іс-шараларсыз мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру өте проблемалы, сонымен қатар 2019 жылдан бастап шағын және микро бизнесті қорғауға тексерулердің барлық түрлеріне мароторий жарияланды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы 4 602 хат пен өтінішті қарады, оның ішінде: жеке тұлғалардан – 272, заңды тұлғалардан – 29, Жоғары тұрған мемлекеттік органдардан, құқық қорғау, жергілікті атқарушы аудандардан, қалалардан және облыстың басқа да уәкілетті органдарынан - 4 301.
Келіп түскен шағымдар мен өтініштер негізінде 22 тексеру жүргізілді, оның ішінде 1 тексеру Талдықорған қаласы бойынша жер участкесін өз бетінше иеленіп алу факісі негізінде және 21 тесеру аудандардың және қалалық жергілікті атқарушы органдарының жер учаскелерінің берілу заңдылығы және нысаналы мақсатын өзгертуі бойынша жүргізілді.
Жүргізілген тексерулер нәтижесінде, жер учаскелерін беру және жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту кезінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу фактілері анықталды. Соның негізінде жалпы сомасы 4 млн. 404 мың 669 теңге айыппұл түрінде әкімшілік шаралар қолданылды, оның ішінде 1 млн. 940 мың 428 теңге мемлекет кірісі ретінде өндіріліп алынды (ескерту: кейбір айыппұлдар ҚР ҚКБ-нің 810, 811-баптарына сәйкес тағайындалған айыппұлдың көрсетілген жалпы сомасының 50% -ы мөлшерінде төленді), бұзушылықтарды жою туралы нұсқаулар берілді.
Сонымен қатар, жер заңнамасын бұзғаны үшін Райымбек ауданы әкімінің орынбасарына, Талғар ауданы Қайнар және Алатау ауылдық округінің әкіміне жалпы сомасы 262 мың 030 теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік шаралар қолданылды.
Ұсыну кезінде жер заңнамасының сақталуын, жер учаскелерінің тағайындалу мақсатының өзгеруін, қорғалатын аймақтардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аудандар мен қалалардың әкімдіктеріне тиісті хаттар жіберілді.
Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Талғар, Көксу аудандарындағы, Талдықорған, Қапшағай қалаларындағы 30400 гектар алқапта заңсыз қабылданған шешімдердің күшін жою туралы есепті кезеңде 223 талап арыздар Басқармамен берілді.
Талап қоюға негіздеме:
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдік азаматтарға заңсыз беру;
- мораторий талаптарын бұза отырып, ауылшаруашылық жерлеріне жеке меншік құқығын беру.
-конкурстық немесе аукционсыз ауылшаруашылық жерлерін беру.
- ауылшаруашылық жерлерін заңсыз сегментациялау.
Қазіргі уақытта сот 860 гектар алқапқа қатысты 25 талапты қанағаттандырды, ал Панфилов ауданы бойынша жалпы 8 982,3 гектар ауылшаруашылық жерлерінде 106 лот бойынша конкурстың нәтижелері жойылды.
Басымдық міндеттердің бірі - пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық жерлеріне шаралар қабылдау және оларды кейіннен ауылшаруашылық айналымына тарту.
2018 жылы ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау функциялары аудандық, қалалық атқарушы органдарға берілді, осыған байланысты, ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлер бойынша тиісті шараларды қабылдау үшін жергілікті жерлерде зерделеу жұмыстары жүргізіледі.
2018-2019 жылдары прокуратура және жергілікті атқарушы органдарымен бірге, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 808,7 мың.га (оның ішінде егістігі 36,3 мың га, көп жылдық екпе 0,6 мың га, шабындығы 7,9 мың га, жайылымы 761,1 га, басқадай жері 2,8 мың га) жерлерді анықтады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде:
- 119,5 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылды (оның ішінде 116,7 мың га жайылым);
- 20,4 мың га жайылым иесіз мүлік ретінде есепке қойылды;
- 624,9 мың га қабылданған шаралардан кейін жерлерді пайдалануға кірісті және ауыл шаруашылығы айналымына тартылды (оның ішінде 582,2 мың га жайылым);
- 43,9 мың га материалдар әлі де аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарауында (оның ішінде 41,8 мың га жайылым).
Сондай-ақ, 2020 жылы Жерді қашықтықтан зондтау қорытындылары бойынша "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы жалпы алаңы 67,9 мың га егістік жерді (3587 субъект) пайдаланбау фактілерін анықтады.
Материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жолданды.
Қазіргі уақытта қабылданған шаралар нәтижесінде:
- 0,4 мың га мемлекеттік меншікке қайтарылды;
- 36,8 мың га қабылданған шаралардан кейін жерді пайдалануға кірісті және ауыл шаруашылығы айналымына тартылды;
- 30,7 мың га материалдар әлі де аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарауында, оның ішінде 0,7 мың га бойынша аудандық мемлекеттік инспекторлар ҚР ӘҚБтК-нің 338-бабы (жер учаскесін пайдаланбағаны үшін) бойынша әкімшілік шаралар қабылдады, 8,2 мың га бойынша жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану туралы ескертулер берілді.
Назарларыңызға рахмет!