Меню

Страницы

Статья

ХӘОТ қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сатуды және одан шығаруды тоқтата тұру жөніндегі меморандум туралы

2021 жылғы қыркүйекте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Алматы қ. әкімдігі, Банк омбудсманы, банктер және қоғамдық бірлестіктер арасында халықтың әлеуметтік осал топтарына (ХӘОТ) жататын қарыз алушылардың ипотекалық қарыздары бойынша азаматтардың жалғыз баспанасын сатуды және баспанасынан шығаруды тоқтата тұруды көздейтін Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты Тараптардың проблемалық берешекті, оның ішінде Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық  қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының талаптары бойынша қайта қаржыландырылған берешекті реттеу шараларын қабылдауы арқылы ХӘОТ-қа жататын қарыз алушылардың (қоса қарыз алушылардың, кепілгерлердің, кепіл берушілердің) құқықтарын қорғау болып табылады.

Меморандумға сәйкес, проблемалық берешекті реттеу, баспанасынан шығаруға байланысты мәселені шешу және келісімге қол жеткізу, сондай-ақ қарыз алушының қол жеткізілген келісімді тиісінше орындау кезеңінде банктер:

1) ипотекалық шарттардан құқықтық қатынастар негізінде туындаған берешекті өндіріп алу үшін сот шағым-талаптарын беруді, атқарушылық жазбаны орындау үшін нотариусқа жүгінуді;

2) банк балансына қабылданғанды қоса алғанда, жалғыз баспанасын сатуды;

3) қарыз алушыларды, оның ішінде банктің балансындағы осы мүліктің бұрынғы меншік иелерін баспанасынан шығаруды тоқтата тұрады.

 

Меморандум қол қойылған күнінен бастап күшіне енді және тараптар оған қол қойған күннен бастап 12 ай бойы қолданылатын болады.

 

 

      

Дата публикации
27 сентября 2021
Дата обновления
27 сентября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы