2021 жылдың 1 жартыжылдығында Алматы облысы бойынша мемлекеттік органдар 5 462 785 Мемлекеттік қызмет көрсетті.
2017-2021 жылдары көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтердің деңгейін арттыру бойынша оң динамика байқалады (2017 ж. - 60,3%, 2018 ж. – 69,2%, 2019 ж. – 80,2%, 2020 ж. – 95,4%, 6 ай 2021 ж. – 91,2%).
Соңғы 4 жылда Алматы облысында азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қанағаттану деңгейі тұрақты өсу серпінін көрсетіп отыр.
2017 жылы азаматтардың қанағаттану деңгейі 37% - ды, 2018 жылы 56% - ды, 2019 жылы 69% - ды және 2020 жылы бұл көрсеткіш 77% - ды құрады. Орташа республикалық көрсеткіш 75% құрайды.
2017 жылмен салыстырғанда азаматтардың қанағаттану деңгейі екі есе өсті.
Сондай – ақ "мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс – қимылы" блогының "мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы" бағыты бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін операциялық бағалау нәтижелері бойынша Алматы облысының ЖАО соңғы 2 жылда республикалық деңгейде екінші позицияны иеленді (2019 жылы-78,02 балмен-республикада 2 позиция, 2020 жылы-94,62 балмен-республикада 2 позицияға).