Халықтың психикалық денсаулығын қорғау мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру, тұрақты эмоционалдық көңіл-күйі бар үйлесімді тұлғаны қалыптастыру, қазіргі қоғамға, қоршаған ортаға және ондағы адамның орнына оң көзқарас қалыптастыру, өмірдің барлық кезеңдерінде салауатты өмір салтын ұстану мақсатында облыстың 2,5 мыңнан астам тұрғынын қамтумен 100-ден астам түрлі іс-шаралар (семинарлар, дәрістер, тренингтер, пікірсайыстар, акциялар, спорттық іс-шаралар) өткізілді. Іс-шаралар мектепке дейінгі балалар ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде, колледждерде, ұйымдарда, адамдар көп жиналатын жерлерде (медициналық ұйымдар, ХҚКО, сауда нүктелері және т. б.) өткізілді.
Сонымен қатар, Ақсу, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қаратал, Сарқан, Талғар, Ұйғыр аудандарының, Қапшағай, Талдықорған және Текелі қалаларының СӨСҚ мамандары жергілікті тұрғындар арасында белсенді жұмыс жүргізді.