"Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!", "Ана сүті-балалар денсаулығының кілті!", "Ескерту! Қорғау! Егу!", "Дені саудық – жаны сау!", "Дені сау отбасы - дені сау ел!" Ұлттық бағдарламалар шеңберінде 600-ден астам адамды қамтитын 36 түрлі ақпараттық-түсіндіру, сауықтыру, бос уақытты өткізу, коммуникативтік іс-шаралар (семинарлар, тренингпен дәрістер, пікірталастар, акциялар, спорттық іс-шаралар) ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Ақсу, Еңбекшіқазақ, Қаратал, Райымбек, Сарқан, Талғар, Ұйғыр, Талдықорған және Текелі аудандарының СӨСҚ мамандары белсенді жұмыс жүргізді.
СӨС насихаттау бойынша іс-шараларды өткізу мониторингінің нәтижелері бойынша ағымдағы жылдың 3 тоқсанында 17 аудан мен 3 қалада облыстың 170 мың тұрғынын қамти отырып, 5 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, шаралардың көпшілігі Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Ұйғыр аудандарында ұйымдастырылды.