Меню

Страницы

Статья

Дүниежүзілік вирусты гепатитке қарсы күрес күніне орайластырылған «Гепатит Тоқта!» Ұлттық бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру шеңберінде, Дүниежүзілік вирусты гепатитке қарсы күрес күніне орайластырылған «Гепатит Тоқта!» Ұлттық бағдарламасы іске асырылды.

Дүниежүзілік гепатитке қарсы күрес күні (28 шілде) гепатиттің жаһандық ауыртпалығы туралы хабардар болуға және гепатит "күте алмайтынына!» бүкіл әлем халқын шаралар қабылдауға шақырады. Әлемде әр 30 секунд сайын бір адам гепатитпен байланысты аурулардан қайтыс болады, тіпті қазіргі COVID-19 дағдарысы жағдайында да вирустық гепатитпен күресу үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша алдағы 10-15 жылда созылмалы гепатиттер денсаулық сақтаудың басты проблемаларының бірі болады. Бұл ауру денсаулық сақтаудың жаһандық қауіпті проблемасы деп танылды, вирустық модификацияның гепатиті 2 миллиардқа жуық адамға, яғни жердің әрбір үшінші тұрғынына әсер етті. Біреуі ауырса, ал біреуі патологияның тасымалдаушысы. Бүкіл әлемде созылмалы гепатиттің айқын өсуі болжанады, бұл оның асқыну қаупін арттырады: бауыр циррозы және гепатоцеллюлярлық карцинома, бұл бауырдың жиі кездесетін қатерлі ісігі болып табылады және әлемдегі онкологиялық аурулардан болатын өлімге айтарлықтай үлес қосады (бесінші орын).

Қазақстан Республикасында бауыр циррозынан болатын өлім-жітім барлық гастроэнтерологиялық аурулар арасында бірінші орында.

Вирустық гепатиттердің бастапқы профилактикасы санитариялық - гигиеналық іс-шараларды, вакцинациялауды (гепатиттен қорғаудың сенімді тәсілдерінің бірі), жарақаттайтын факторлар (алкоголь, уытты заттар) әсерінің алдын алуды қамтиды.

Облыста гепатиттердің алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс ұйымдастырылып, оқыту онлайн семинарлар, дәріс пен тренингтер, акциялар, спорттық және т.б. шаралар, гепатиттердің алдын алу, диагностикалау және емдеу, халықты скринингтік тексерулер мәселелері бойынша шаралар өткізілді.

 

Дата публикации
02 августа 2021
Дата обновления
02 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы