Халықтың психикалық денсаулығы, инфекциялық аурулардың, оның ішінде жіті ішек инфекцияларының, вирустық гепатиттің, жіті респираторлық вирустық инфекциялардың профилактикасы бойынша хабардар болуын арттыру мақсатында ағымдағы жылғы 28 маусым мен 14 шілде аралығында облыстың 1 мыңнан астам тұрғынын қамти отырып, 50-ден астам түрлі іс-шаралар (семинарлар мен дәрістер, пікірталастар, спорттық іс-шаралар мен акциялар) ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шаралар мектеп жасына дейінгі балалар, жазғы лагерьлердегі оқушылар, ұйымдар қызметкерлері, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарда (СОО, базарлар, демалыс орындары және т.б.) өткізілді.
Іс-шаралар барысында аурудың алдын алу және ескерту шаралары, берілу жолдары, өзін-өзі сақтау мінез-құлқы, адам өмірінің барлық кезеңдерінде салауатты өмір салтын жүргізудің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.