2021 жылғы 25 шілдеде 71 сайлау округі бойынша ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауы өтті.
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 221952 азамат енгізілді, оның ішінде 149888 (67,7%) дауыс беруге қатысты.
Әкімдікке үміткерлер саны – 235 адам.
Барлық 71 сайлау округінде әкімдер сайланды.
Оның ішінде: партия ұсынған
«Nur Otan» партиясы – 57 адам,
«Ауыл» ХДПП – 3 адам,
Өзін-өзі ұсыну арқылы – 11 адам.
Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар аудандық (қалалық) сайлау комиссияларының интернет-беттерінде (сілтемелер) орналастырылған және БАҚ-та жарияланған.