Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша түсіндіру жұмысының маңызды құрамдас бөлігі коммуникациялық технологияларды пайдалану, оның ішінде бейнероликтерді ротациялау, сыртқы жарнаманы орналастыру, ақпараттық-білім беру материалдарын (парақшалар, буклеттер) тарату болып табылады.
Талдықорған қаласы Назарбаев көшесі мен Біржан Сал көшесінің қиылысында орналасқан LED мониторда "Вирусты гепатиттің алдын алу", "Жіті ішек инфекцияларының алдын алу", "КВИ алдын алу", "Стресстің алдын алу", "Репродуктивті денсаулықты қорғау" бейнероликтері көрсетілді.
Облыстың 17 ауданы мен 3 қаласында вакцинация бойынша билбордтар орнатылды.
Ақпараттық-білім беру материалдарының 341 500 данасы тираждалды. Оның ішінде, ЖРВИ алдын алу бойынша - 18 000 буклет, туберкулез, КВИ, АИТВ/ЖИТС алдын алу және вакцинация бойынша - 22 875 парақшалар, репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша - 10 000 буклет және 70 000 парақшалар, психикалық денсаулық бойынша - 10 000 буклет және 70 000 парақшалар шығарылды.