Қымбатты достар!
Жақсы жаңалықпен бөлісеміз! 𝙁𝙞𝙣𝙜𝙧𝙖𝙢𝙤𝙩𝙖.𝙠𝙯 жастарға арналған «𝙊𝙔𝙇𝘼» ғылыми-танымдық журналымен ынтымақтастығын қайта бастайды.
«𝙊𝙔𝙇𝘼» журналының маусымдағы шығарылымында орта және жоғары жастағы мектеп оқушыларына арналған, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған арнайы бет мемлекеттік тілде және орыс тілінде шықты. Арнайы беттің тақырыбы: «Балаларды ақша жұмсауға үйретеміз».
Түсінікті тілмен жазылған танымдық ақпарат, пайдалы лайфхактар, бейнелі иллюстрациялар – осының бәрі жас оқырмандарға ақшаны дұрыс жұмсау дағдыларына меңгеруге, отбасында ақшаның қайдан пайда болатынын түсінуге, ақшаның есепті жақсы көретінін ұғынуға және ақшаны жинақтауға үйретуге көмектеседі.
«𝙊𝙔𝙇𝘼» журналындағы 𝙁𝙞𝙣𝙜𝙧𝙖𝙢𝙤𝙩𝙖.𝙠𝙯 арнайы беті ай сайын шығады. Келесі шығарылымда біз кредиттің не екендігі, бұл қаржы құралын қалай дұрыс пайдалану қажеттілігі, кредиттік жауапкершілік дегеніміз не және өз кредиттік тарихыңды тұрақты түрде тексерудің маңыздылығы туралы айтып береміз.
Балаға кішкентай кезінен бастап дұрыс қаржылық әдетті қалыптастырып, қаржылық сауаттылығыңызды 𝙁𝙞𝙣𝙜𝙧𝙖𝙢𝙤𝙩𝙖.𝙠𝙯-пен бірге арттырыңыздар!