Меню

Страницы

Статья

«Күн, ауа және су- біздің ең жақын достарымыз!»

Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ағымдағы жылдың маусым айында келесі жұмыстар орындалды.

Туберкулездің алдын алу бойынша "Өзіңді туберкулезден қорға!" «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын!", "Біз вакцинацияға – ИӘ дейміз!", психикалық денсаулықты қорғау бойынша "Дені саудың – жаны сау!" тақырыбында облыстың 1 мыңнан астам тұрғынын қамти отырып, 59 түрлі іс-шаралар (акциялар, дәрістер, семинарлар, пікірталастар, спорттық іс-шаралар) ұйымдастырылып, өткізілді.

Қоғамдық орындардағы Led мониторларда вирустық гепатиттің алдын алу, жіті ішек инфекцияларының алдын алу, КВИ алдын алу, стресстің алдын алу, репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша бейнероликтер көрсетілді.

А.ж. 2-ші тоқсанында облыстың 17 ауданы мен 3 қаласында МСАК деңгейінде СӨСҚ қызметінің мониторингіне сәйкес 83410 адамды қамтумен 4103 іс-шара өткізілді. Оның ішінде, жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша 56954 адамды қамтумен 2950 шара, ұрпақты болу денсаулығын қорғау бойынша 22493 адамды қамтумен 1005 шара және психикалық денсаулық бойынша 3963 адамды қамтумен 148 шара өткізілді.

Салауатты өмір салтын насихаттау және аурулардың алдын алу жөніндегі іс – шаралармен адамдардың ең көп қамтылуы Кеген ауданында – 31%, Сарқан ауданында – 9%, Қаратал ауданында және Текелі қаласында – 8%, Еңбекшіқазақ ауданында -7% кұрады. Сонымен қатар, ең көп іс-шаралар келесі аймақтарда өткізілді: Еңбекшіқазақ ауданында – 675, Іле ауданында – 556, Талғар ауданында – 521, Алакөл ауданында – 486 шара.

Дата публикации
03 июля 2021
Дата обновления
03 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы