Меню

Страницы

Статья

Алматы облысында ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттар ұсыну туралы ақпарат

Алматы облысында аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдық округтердің 253 әкімі бар.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеде ауылдық округтер әкімдерін сайлау өтеді.

Сайлау науқаны Алматы облысының 71 округінде өтеді. Ақсу ауданы бойынша 9 әкім, Алакөл – 8, Балқаш - 6, Еңбекшіқазақ – 10, Ескелді – 1, Жамбыл – 2, Іле – 1, Қарасай – 1, Қаратал – 2, Кеген – 5, Кербұлақ – 4, Көксу - 4, Панфилов - 4, Сарқан - 3, Талғар-4, Ұйғыр-6, Текелі қаласы-1 сайланатын болады. Райымбек ауданында, Талдықорған және Қапшағай қалаларында бос округтердің болмауына байланысты ауылдық округтер әкімдерін сайлау өткізілмейді.

60 (84,5%) әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 11 (15,5%) - өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты (5 - басқа жұмысқа ауысу, 3 – өз қалауы бойынша, 2 – зейнеткерлік жасқа толуына байланысты, 1 – теріс себептер бойынша) сайланады.

2021 жылғы 25 маусымда облыстың аумақтық сайлау комиссиялары 25 шілдеге 71 ауылдық округте сайлау тағайындады. Сайлау округтерін тағайындау, құру туралы ақпарат, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудандар мен қалалар әкімдіктерінің сайттарында орналастырылған және жергілікті БАҚ-та жарияланатын болады.

Барлығы сайлауда 17 аумақтық және 198 учаскелік сайлау комиссиялары, 1451 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Сайлаушылар саны 222 мыңнан астам адамды құрайды.

26 маусымнан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудандар мен қалалар әкімдеріне тиесілі.

1 шілдедегі жағдай бойынша 101 кандидат ұсынылды, оның ішінде 91 - өзін - өзі ұсынған, 1 - кандидатты "Nur Otan" партиясы, 8 - "Адал" партиясы, 1 - "Ауыл "ХДПП ұсынды.

Оның ішінде: 52-мемлекеттік қызметшілер, 12 - коммерциялық құрылымдардың өкілдері, 32 - бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 2 - қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері, 3-уақытша жұмыс істемейді.

Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 9 шілдеде аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу 14 шілде күні сағат 18.00-ге дейін жалғасады.

Сайлауға дайындық жұмыстары жалғасуда.

 

Облыстық сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
02 июля 2021
Дата обновления
02 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы