Меню

Страницы

Статья

Алматы облысында ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар ұсыну басталды

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеде ауылдық округтер әкімдерін сайлау өтеді.

Сайлау науқаны Алматы облысының 71 округінде өтеді. Ақсу ауданы бойынша 9 әкім, Алакөл – 8, Балқаш -6, Еңбекшіқазақ – 10, Ескелді – 1, Жамбыл – 2, Іле – 1, Қарасай – 1, Қаратал – 2, Кеген – 5, Кербұлақ – 4, Көксу - 4, Панфилов - 4, Сарқан - 3, Талғар-4, Ұйғыр-6, Текелі қаласы-1 сайланатын болады. Райымбек ауданында, Талдықорған және Текелі қалаларында бос округтердің болмауына байланысты ауылдық округтер әкімдерін сайлау өткізілмейді.

2021 жылғы 25 маусымда облыстың аумақтық сайлау комиссиялары 25 шілдеге 71 ауылдық округте сайлау тағайындады. Сайлау округтерін тағайындау, құру туралы ақпарат, сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары аудандар мен қалалар әкімдіктерінің сайттарында орналастырылған және жергілікті БАҚ-та жарияланатын болады.

Барлығы сайлауда 17 аумақтық және 198 учаскелік сайлау комиссиялары, 1451 сайлау комиссияларының мүшелері жұмыс істейді. Сайлаушылар саны 222 мыңнан астам адамды құрайды.

26 маусымнан бастап әкімдікке кандидаттар ұсыну басталды, ұсыну құқығы саяси партияларға, азаматтарға, өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден кем кандидат ұсынылған жағдайда, аудандар мен қалалар әкімдеріне тиесілі.

30 маусымдағы жағдай бойынша 20 кандидат ұсынылды, олардың барлығы өзін-өзі ұсынды.

Депутаттыққа кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 9 шілдеге дейін жалғасады.

 

Облыстық сайлау комиссиясы

Дата публикации
30 июня 2021
Дата обновления
30 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы