Мұражай қорынан экспонаттардың электрондық каталогын жүргізу
2020 жылы М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің және оның филиалдарының негізгі қорындағы 20 100 экспонатқа мәлімет әзірленіп, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне электронды каталогқа енгізу үшін жіберілді (жалпы экспонат саны 64683).
Алматы облысының Пазырық мәдениеті ескерткіштеріне археологиялық зерттеулер жүргізу (қазба жұмыстары, консервациялау және мұражайландыру)
Алматы облысы, Ақсу ауданында Пазырық мәдениетіне жататын археологиялық ескерткіштерге жергілікті бюджеттен 13 млн. теңге бөлініп, қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде сол аймақта қосымша 80 қорған және тау бөктерінде орналасқан ерте темір дәуіріне жататын петроглифтер анықталды. Аталған жоба 2021 жылы жалғасын табады.
Кітапхана WEB-РАБИС бағдарламасын енгізу
2020 жылы облыстағы 20 кітапханаға WEB-РАБИС бағдарламасы (700 мың теңге бөлінді) орнатылып, электронды каталогқа барлығы 3 251 915 кітап енгізілді.
Алматы облысының әдебиеті мен мәдениетін дамытуға үлес қосқан Жетісу ақын-жазушыларының кітаптарын басып шығару
2020 жылы облыс әкімінің қолдауымен Алматы облысының әдебиеті мен мәдениетін дамытуға үлес қосқан Жетісу ақын-жазушыларының кітаптарын шығару үшін облыстық бюджеттен 40 млн. теңге қарастырылып, 18 автордың 11 500 дана кітаптары шығарылды.
Отандық және әлемдік мәдениет саласына алтын үлес қосқан көрнекті тұлғалардың шығармаларын қою
Б.Римова атындағы драма театры 2020 жылы алты жаңа спектакльді сахналады: Ж.Алмашев «Аққан жұлдыз құласа», А.Аламан «Жалқаудың жыры», С.Алексиевич «Соғыстың сұрқы әйелге жат», С.Сарыбай «Орақты батыр», С.Балғабаев «Мәңгілік өмір-махаббат», А.Шаяхмет «Шоқанның шері».
Сонымен қатар, жаңа форматтағы: «Ертегі әлем, шертеді әуен», «Әнменен атқан таңдар-ай» атты концерттік шаралар мен «Жапырақ жауған күз» поэтикалық кеші ұйымдастырылды.
Сүйінбай атындағы облыстық филармонияда камералық оркестрдің ашылуы
2020 жылы Сүйінбай атындағы облыстық филармониясы жанынан ҚР Еңбек сіңірген әртісі С.Тұрысбековтің бастамасымен «Ақ жауын» камерлық оркестрі құрылды. Ансамбльге бүгінгі күнге дейін 33 штат бірлігі беріліп, 2021 жылдың 15 қаңтар күні облыс орталығында тұсаукесері өтті.
Облыстық бюджеттен сахналық костюмдер үшін 7 млн. 149 мың теңге, музыкалық аппаратуралар үшін 7 млн. 481 мың теңге бөлінді.
Елімізде орын алған пандемияға байланысты Жүсіп Баласағұнның 1000, Орақты батырдың 600 жылдықтарына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялары өткізілмеді.
Алайда, Орақты батырдың 600 жылдығына орай спектаклі қойылып, «Орақты батыр» кітабы 500 данамен жарық көрді.
Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2020-2030 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жалғасын табады.