Меню

Страницы

Статья

Азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың көлік жүйесі саласындағы құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат

Автожол саласында

 Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың жауапкершiлiгi:

1.Жолдың үстiңгi қабатының, жер қыртысының, көпiрлердiң, өткерме жолдардың, суағар құрылыстарының, автопавильондардың, жол белгiлерiнiң, жол бойындағы екпелердiң, қорғаныш құрылғылардың және автомобиль жолдарын жайғастырудың басқа да элементтерiнiң бұзылуына жол берген, сондай-ақ Автомобиль жолдарын пайдалану қағидасын бұзған автомобиль жолдарын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.

  1. Пайдаланушылар автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына келтiрген залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi.
  2. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, күтiп ұстау, жөндеу, реконструкциялау және пайдалану процесiнде жол органымен туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаралады.
  3. Автокөлік құралын пайдаланушы ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақы төлемеген жағдайда, берешек автокөлік құралының иесінен өндіріп алынады.

 

Азаматтық авицация саласында

Жолаушының:

   жолаушылар тасымалы үшін ашық кез келген авиамаршрут бойынша билет алуға;

   алынған билетіне сәйкес орын алуға;

    белгіленген нормалар шегінде қол жүгі мен багажды өзімен бірге тегін алып өтуге;

тасымалдаушының кінәсінен тасымалдауда үзіліс немесе кідіріс болған, әуе кемесінің кеш келуі салдарынан рейсті ұшырмай тастаған, тасымалдау маршруты өзгертілген кезде осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген қызметтерге;

     Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқығы бар.

      Мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары арасынан шыққан жолаушылардың жеке пайдалануға арналған зембілдерді және мүгедектердің кресло-арбасын өздерімен жүк ретінде тегін алып жүруге қосымша құқығы бар.

      Жолаушы:

     әуе көлігінде Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын сақтауға және әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін іс-әрекеттерге жол бермеуге;

     авиация персоналының өз қызметтік міндеттерін орындауы кезінде кедергі жасамауға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

 

Автомобиль көлігі саласында

 Жолаушының:

1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңнамасында көзделген тәртiппен кез келген автобуспен, троллейбуспен және таксимен жол жүруді жүзеге асыруға;

2) жол жүру құжатын (билетiн) сатып алуға;

3) сатып алған жол жүру құжатына (билетiне) сәйкес орын алуға;

4) егер ол жеке орын алмаса, өзiмен бiрге жеті жасқа дейiнгi бір баланы тегін, не таксиден басқа көлікте, он бес жасқа дейiнгi балаларды оларға жеке орын беріп, елу пайыз мөлшерде жол ақысын төлеп, алып жүруге;

5)Қазақстан Республикасының тасымалдаушылары жүзеге асыратын халықаралық тасымалдарда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процентiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға;

6) 7 жастан 15 жасқа дейiнгi балаларға жол жүру құжатының (билетiнiң) толық құнының елу процентiн төлеп, жол жүру құжаттарын (билеттерiн) сатып алуға;

7) егер тасымалдаушы кестеде көзделген автобустың орнына жүру ақысы қымбаттау басқа автобус ұсынса, үстемеақы төлемей, сатып алынған жол жүру құжаты (билетi) бойынша жол жүруге;

8) жол жүру құжатын (билетiн) тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге және көзделген алымдар шегерiле отырып, тасымалдауға төленген соманы керi қайтарып алуға;

9) Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларында белгіленген тәртіппен жоғалған (бүлінген) жол жүру құжатын (билетті) қалпына келтіруге;

10) Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген нормалар шегiнде қол жүгiн өзiмен бiрге тегiн алып жүруге;

11) тариф бойынша ақы төлеп багажды тасымалдауға өткiзуге;

12) тасымалдауға тапсыру кезiнде багаждың құндылығын жариялауға;

13) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тасымалдау сапасы деңгейiнiң оның сертификатына сәйкестiгiне дауласуға құқығы бар.

      Жолаушының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтары бар.

       Жолаушы:

1) электрондық нысанда ресімделген жол жүру құжатын (билетін) қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру кезінде ақы төлеуді және (немесе) жол жүру құжаты (билеті) болуға және оны сапар аяқталғанға дейін сақтауға;

 1-1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде қоғамдық көлікте жол жүргені үшін тасымалдаушы өкілінің талап етуі бойынша жол жүру құжатын (билетін) көрсетуге;

2) қоғамдық тәртiптi, Автомобиль көлiгiмен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелерiнде белгiленген талаптарды сақтауға;

3) егер шартта өзгеше көзделмесе, құндылығы жарияланған багажды тасымалдау кезiнде тасымалдаушының көрсеткен қызметтерiне ақы төлеуге мiндеттi.

      Жолаушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мiндеттер атқарады.

 

Теміржол саласы бойынша

  Жолаушының:

1) поездар жүретiн маршруттар бойынша жолаушылар операциялары үшiн ашық, өзi атаған баратын станциясына дейiн кез келген поезға не кез келген вагонға жол жүру құжатын (билет) сатып алуға;

2) сатып алған жол жүру құжатына (билетке) сәйкес поездағы вагоннан орын алуға;

3) өзiмен бiрге жетi жасқа дейiнгi бiр баланы, егер бала жеке орын алатын болмаса - ақысыз және жетi жастан он бес жасқа дейiнгi балаларды жол жүру ақысының елу пайызын төлеп, оларға жеке орын беріп, алып жүруге құқығы бар.

      Басқа мемлекеттердiң жолаушы вагондарында және басқа мемлекеттердiң аумағы бойынша Қазақстан Республикасының жолаушы вагондарында тасымалдау кезiнде осы құқықты беру Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады;

 4) бiр толық жол жүру құжатына немесе баланың жол жүру құжатына салмағы отыз бес килограмнан аспайтын қол жүгiн өзiмен бiрге ақысыз алып жүруге құқығы бар.

      Салмағы бұдан асатын қол жүгi багаж вагонына тапсырылуға тиiс.

      Мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары арасынан шыққан жолаушылардың жеке пайдалануға арналған техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнайы қозғалыс құралдарын өздерімен тегін алып жүруге қосымша құқығы бар;

5) тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiп бойынша тасымалдаушыға жол жүру құжатын (билеттi) қайтарып тапсыруға және тасымалдаушыдан жол жүру және багажды алып жүру ақысын (ал жөнелтушi - багаж, жүк-багаж тасымалының ақысын) қайтарып алуға;

6) тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жүру құжатының (билеттiң) қолданылу мерзiмiн ұзартуға;

 7) жол бойында аялдама жасап, тасымалдау ережелерiнде белгiленген тәртiппен жол жүру құжатының (билеттiң) қолданылу мерзiмiн он күннен аспайтын мерзiмге ұзартуға;

8) бос орындар болған және сатып алынған жол жүру құжатына (билетiне) өзгерiстер енгiзген жағдайда, жол жүру құжаты (билет) сатып алынған поездан бұрын жүретiн жолаушы поезымен жүруге;

9) белгiленген ақысын төлеп, багажын тасымалдауға тапсыруға;

10) жазбаша талап ету бойынша тасымалдаушыдан (билет кассаларынан немесе жолаушылар агенттіктерінен) бұрын сатып алынған жол жүру құжаты (билет) бүлінген, жоғалған жағдайда, Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды тасымалдау қағидаларында белгіленген тәртіппен оның телнұсқасын алуға құқығы бар.

      Бұрын қайтарылған жол жүру құжаттары (билеттер) бойынша телнұсқа берілмейді.

      Жолаушы:

1) қала маңындағы қатынас поездарын қоспағанда, жол жүру құжатын (билет) сатып алған кезде, поезға отырғызу кезiнде жол бойында жол жүру құжатын (билеттi) тексерген кезде жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге;

2) поезға отырғызған кезде және жол үстiнде сапар аяқталғанға дейiн оның жол жүру құжаты (билетi) болуы;

3) қоғамдық тәртiптi, жолаушы вагондарын және жолаушылар тасымалдауына қызмет көрсетуге арналған объектілерді пайдалану қағидасын сақтауға, сондай-ақ тасымалдаушының мүлкiне ұқыпты қарауға және жол жүру барысында да, күту орындарында да өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтауға мiндеттi.

Дата публикации
26 июня 2021
Дата обновления
26 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы