Меню

Страницы

Статья

"Ақылды" қала бастамалары туралы

 

 «Ақылды қаланың» 25 басым жобасының ішінде Алматы облысында 13 жоба іске асырылды.

Қаланы басқару саласын цифрландыру.

Аймақтық геоақпараттық жүйе:

- Алматы облысында 2018 жылдан бастап «SmartGeoHub» АЖ жұмыс істейді. 2020 жылы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сертификат алынды.

Бүгінгі күні геопортал арқылы орталық мемлекеттік органдардың мынадай ақпараттық жүйелерімен және дерекқорларымен интеграциялық өзара іс қимыл жүзеге асырылды:

  • Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (МКК);
  • «Электрондық үкімет» порталы (бірыңғай авторизация және БМҚК пилоттық қызметі);
  • Электрондық құжаттардың бірыңғай қоймасы;
  • Мобильді азаматтар базасы;
  • Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.

«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» АЖ-ны құруға байланысты Мемлекеттік жер кадастры АЖ-мен интеграциялаудың қажеті жоқ.

Сонымен қатар, облыста 2022 жылдан бастап «ахуалдық орталық жұмыс істейді.

Анықтама: бұл жүйеде: «криминогендік жағдайды талдау» кейсі, «ЖКО бойынша жағдайды талдау» кейсі, «Төтенше жағдайлар бойынша жиынтық» кейсі, «мектептердің толықтығын талдау» кейсі, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды талдау» кейсі, «әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаларды талдау» кейсі, «инвестициялық талдау» кейсі іске асырылды, «мектептердегі білім сапасын талдау» кейсі, «стихиялық қоқыс үйінділері бойынша жағдайды талдау» кейсі, «Еңбек "мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын талдау» кейсі, «облыс халқының жалпы санын талдау» кейсі, «облыс халқының табиғи өсімін талдау» кейсі, «Облыстағы өлім-жітімді талдау» кейсі, «облыстағы неке мен ажырасуды талдау» кейсі.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 11 қаңтарда Қонаев қаласында пилоттық режимде «109» бірыңғай байланыс орталығы пайдалануға берілді. Ашылған сәттен бастап 500-ден астам қоңырау түсті, оның 40-ы жұмыста, 450-ден астамы шешілді. Қазіргі уақытта қоңыраулар Қонаев қаласының аумағынан барлық ұялы байланыс операторлары мен қалалық нөмірлерден келеді. Негізінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және қаланы абаттандыру мәселелері келіп түседі.

Білім беру саласын цифрландыру.

«Қазақстан Республикасы Білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электрондық журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» жобасы шеңберінде «Kundelik.kz» жүйесінде облыстың барлық мектептері тіркелген және жұмыс істейді. Сонымен қатар, Қонаев қаласының осы мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кіруді бақылау және басқару жүйелері (Sota center) орнатылған.

Денсаулық сақтауды цифрландыру.

«Ақылды қала» жобасы аясында «Қонаев қаласының көпсалалы қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК (Қапшағай қалалық ауруханасы) тексерілген пациенттердің цифрлық медициналық бейнелері мен құжаттарын сақтауға, қарауға және басқаруға арналған серверлік жүйені енгізді, онда ПАКС (рентгенография, флюороскопия, стереометрия, микроскопия, ЭКГ, маммография және т.б. жұмыс істейтін мемлекеттік медициналық мекемелер) көзделген. Денсаулық сақтау мекемелері ақпараттық жүйелерге қол жеткізе алады және 100% компьютерлермен және Интернетке қол жетімділікпен қамтамасыз етілген. Бұдан басқа, зертханалық зерттеулер хаттамаларында жалған тіркеуді болдырмау мақсатында медициналық жүйеде күн мен уақыт автоматты түрде тіркеледі. 2023 жылы Қонаев қаласының 37663 азаматы тексерілді.

Қауіпсіздік саласындағы цифрландыру.

Қонаев қаласында Алматы облысы ПД жедел басқару Орталығына қосылған 308 бейнебақылау камерасы бар. Ағымдағы жылы автомобиль жолдарында 124 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін орнатылды оның 8-і Қонаев қаласында. 2024 жылы МЖӘ тетігі арқылы облыстың барлық аумағында 8 800 бейнебақылау камерасы мен 325 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін орнату жоспарлануда.

Көлік және логистика саласындағы цифрландыру.

Қонаев қаласының барлық 9 әлеуметтік маңызы бар бағыттарының 24 автобусында «Avtobys» жол ақысын төлеудің электрондық жүйесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, бұл қосымшада автобустардың маршруттарын және олардың қазіргі орналасқан жерін бақылау мүмкіндігі бар.2023 жылы қолма-қол ақшасыз 1 547 371 дана билет сатылды, сатылған билеттердің жалпы саны 2 413 125 дана (қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 64% құрайды).Сондай-ақ, «Алматы облысының цифрлық көшірмесі» ақпараттық жүйесінде облыстық маңызы бар автомобиль жолдары мен Қонаев қаласының тақырыптық картасы іске асырылды. Жолдардың жай-күйі және қолда бар жол белгілері туралы ақпаратты қамтиды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрландыру.

Қалада радиомодулмен жылумен жабдықтау есептегіштерімен жабдықталған 3 әлеуметтік нысан бар. 290 көпқабатты тұрғын үйдің 150 үйінде радио модулі бар 174 аспап орнатылған. Сонымен қатар, 2019 жылдан бастап қалалық аумақтарды көгалдандыру және жасыл желектерді күту мониторингі жүйесі жұмыс істейді. Қонаев қаласында «Алсеко» бірыңғай есеп айырысу орталығы жұмыс істейді, оған сумен жабдықтау, электр энергиясы, Интернет және ҚТҚ шығару қызметтері қосылған. Қалада 2024 жылы 1050 ақылды шам орнатылған.

2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР

2024 жылы 3 қаңтарында «ақылды» қалалар тұжырымдамасының шеңберінде іске асырылатын жобалардың нақты мерзімдері көрсетіліп, Қонаев қаласында «ақылды қала» Эталондық стандартын базалық жобаларын толыққанды іске асыру жөніндегі жол картасы (бұдан әрі – Жол карта) бекітілгендігін атап өтеміз.

Жол картасы щеңберінде Қонаев қаласының бірінші кезектегі қажеттіліктерін анықтау мақсатында цифрландырудың басым бағыттары (қауіпсіздік, ТКШ, көлік, жол инфрақұрылымы, қаланы басқару) бөлінісінде талдау жүргізу бойынша іс-шаралар қарастырылған.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру тапсырмасы аясында өңірлердегі цифрландыру жөніндегі салалық құрылымдық бөлімшелердің кадрлар құрамын күшейту Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп пысықталуда.

Бұдан басқа, «Алматы облысының цифрлық көшірме» ақпараттық жүйесі шеңберінде мынадай жобалар іске асырылатын болады:

- инфрақұрылымды геокеңістіктік талдау арқылы жобалық құжаттаманы әзірлеу бөлігінде бюджеттік шығыстарды оңтайландыру;

- төтенше және басқа жағдайларда жедел шешім қабылдау уақытын қысқарту;

- автомобиль жолдарының интерактивті картасындағы талдау арқылы жол қауіпсіздігін арттыру;

- инженерлік желілердің цифрлық карталары негізінде коммуналдық қызметтердің үйлесімділігі арқылы төтенше жағдайларды азайту;

- әр түрлі даму сценарийлерін модельдеу арқылы инвесторларға ықтимал тәуекелдер мен кірістерді бағалау болып табылады.

 

Дата публикации
17 июня 2021
Дата обновления
17 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Paryz.kz
Ақпарат
21 октября 2026
AstanaTV+OrdaFM
Ақпарат
21 октября 2026
Adaladam.kz

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы