Алматы облысы жер қатынастары басқармасының (бұдан әрі-ЖҚБ) сайтында тоқсан сайынғы негізде жер қатынастары және цифрландыру салаларында атқарылған жұмыстар туралы есептер орналастырылады.
ЖҚБ сайтында келесілер орналастырылады::
Жаңалықтар лентасы «ақпаратқа қолжетімділік туралы» ҚРЗ-на сәйкес өзекті салалық ақпаратпен жаңартылады.
Оқиғалар күнтізбесі тұрақты негізде жаңартылып отырады (отырыстар, кеңестер, жергілікті телеарналардың хабарларына қатысу және т.б.).
Басшының блогындағы «Онлайн қабылдау» бөліміндегі сұрақтарға жауаптар уақтылы беріледі.
Ескертпе: ҚР Жер кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жер учаскелері жеке және заңды тұлғаларға жер сауда-саттығы (конкурстар мен аукциондар) негізінде беріледі. Жерді сауда-саттықтан тыс берудің ерекше жағдайлары (21 жағдай) Кодекстің 48-бабының 1-тармағында белгіленген.
Кодекстің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жер учаскелері облыс және аудан әкімдіктері жанынан құрылатын жер комиссиясының оң қорытындысы негізінде беріледі. Жер комиссиясының құрамын әкімдіктер қалыптастырады және мәслихаттар бекітеді. Жер комиссиясының құрамына мыналар кіреді:
1) әкімнің жер мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары; 2) жергілікті өкілді органның депутаттары; 3) жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы жөніндегі уәкілетті органдардың өкілдері; 4) қоғамдық кеңестердің, АӨК саласындағы мемлекеттік емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері; 5) «Атамекен» ҰКП өкілдері; 6) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдық округтердің әкімдері; 7) жергілікті қоғамдастық жиналысы жіберген, тиісті аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті халқының өкілдері басым құқықты пайдаланады; 8) қоршаған ортаны қорғау, ауыл және орман шаруашылығы, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің өкілдері кіреді.
Жер комиссиясы тұрақты негізде жұмыс істейді. Жер комиссиясы мүшелерінің саны тақ болуға және тоғыз адамнан кем болмауға тиіс. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде 50% - ын құрауға тиіс.