Меню

Страницы

Статья

Біздің борышымыз - туған елге адал әрі қалтқысыз қызмет ету

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығындағы  маңызды жетістіктерінің бірі - мемлекеттік қызметшілер даярлау жүйесінің құрылуы. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебі ашылып, саяси кадрларды даярлаудың ұлттық моделін қалыптастыруға негіз болды.

Мемлекеттік қызмет институты күрделі реформалау жолынан кезең-кезеңімен өтіп  келеді. Мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа трендтері арасында бірқатар өзекті бағыттарды атап өтуге болады. Бұл, ең алдымен, меритократия қағидаттарына сәйкес мемлекеттік қызметке үздік және талантты адамдарды тарту үрдістерін күшейту. Бұл әдіс АҚШ, Франция, Сингапур, Ұлыбритания және басқа да дамыған елдердің мемлекеттік қызмет жүйесінде белсенді қолданылғанын зерделей келе біздің елде де енгізілді.

Мемлекеттік басқарудың тың технологиясы қатарында, краудсорсинг феноменімен тығыз байланысты - әртүрлі деңгейлерде шешім қабылдауға азаматтарды кеңінен тарту әдісі қарастырылды.  Ол басқарушылық шешімдерді қабылдауға миллиондаған азаматтардың интеллектуалдық қабілеті мен білімін қосуға негізделеді.

Кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру үдерісі үздіксіз жалғасуда, осы арқылы мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етіп, мөлдірлігін арттыру көзделген.

Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесі жұмыс істей бастаған сәттен бастап  мемлекеттік қызметшілердің этикасы мәселесі өзекті болды және болып қала береді, өйткені әдептілік мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттарының бірі болып табылады. Осы қағидаттардың жиынтығы мемлекеттік қызметшінің біртұтас бейнесін қалыптастырады. Мемлекеттік қызметте жоғары кәсібилікке қол жеткізу үшін іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық ережелерін қатаң сақтау қажет. Әрбір мемлекеттік қызметші дәрежесіне қарамастан, бұл ережелерді білуге міндетті.

Мемлекеттік қызметшілер өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сондай-ақ адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің сыртқы түрі де маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Сыртқы келбеті оның әдеп кодексі бойынша қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы керек.

 

Әдеп жөніндегі уәкілдер осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Мемлекеттік қызметшілердің этикалық мінез-құлық нормалары түйінді мәселелері қарастырылатын оқыту семинарлары, кездесулер, құқықтық жалпы оқытулар және дәрістер белгіленген кесте бойынша жүргізіледі.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында анонимді сауалнама тұрақты түрде жүргізіледі. Сауалнама нәтижелері ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың негізгі көрсеткіші болып табылады. Төмен бағалаудың себептері анықталғаннан кейін кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданады. Ұжымдағы басшы мен бағынышты қызметкерлер арасында ашықтық пен әдептілік, сондай-ақ әділеттілік, риясыздық және бейтараптық қағидаттарын енгізе отырып, жұмысты одан әрі жақсарту қажеттігі бойынша ұсыныстар енгізіледі. Осылайша, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбетіне өте жоғары талаптар қойылады. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады. Әрбір мемлекеттік қызметші қызмет көрсетудің ең жоғары стандарттарына сәйкес келуге, кәсіби түрде қызмет көрсетуге, әрбір көрсетілетін қызметті алушыға жеке тәсілді қолдануға ұмтылуы тиіс, өйткені іскерлік этикет қағидаларын сақтау мемлекеттік институттарға деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Қоғам - мемлекеттік қызметші өзінің  білімі мен тәжірибесін, күш-жігерін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны-Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенім білдіріп отыр. Біздің борышымыз - туған елге адал әрі қалтқысыз қызмет ету.

ҚР Президенті мен Үкіметі айқындаған ел дамуының стратегиялық бағыттарын іске асырудағы басты тұлға мемлекеттік мекемелер болып табылады. Сондықтан мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең біліктілікті, кәсіпқойлықты, үлкен жауапкершілікті және қажырлы еңбекті талап етеді. Әлеуметтік және экономикалық өзгерістер, халықтың өмір сүру деңгейі және жалпыұлттық жобаларды іске асыру мемлекеттік қызметшілер жұмысының сапасына байланысты. Біздің барлық күш-жігеріміз алдағы уақытта да мемлекеттілікті  нығайтуға,  демократияны,  мемлекеттік экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталатынына сенімдімін.

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметші Күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ғабит Тұрсынбай, Алматы облысы әкімі аппаратының

әдеп жөніндегі уәкілі

Дата публикации
21 июня 2021
Дата обновления
21 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы