Теріс кредиттік тарихы бар азаматтардың қаржылық қызметтерге қолжетімділігін қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) өтелмеген проблемалық берешектің салдарынан теріс кредиттік тарихы бар және оны қайта құрылымдауды қажет ететін қарыз алушы-жеке тұлғаларды оңалту тетігін енгізді. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасының тиісті № 50 қаулысы 2021 жылғы 15 наурызда қабылданды.
Оңалту тетігі қарыз алушыға кредиттік бюролар жүйесінде «оңалтылды» мәртебесін беруді көздейді. Бұл мәртебе азаматтың кредитор алдындағы өз міндеттемелерін адал орындағанын растау болып табылады. Мәртебе алу үшін қандай да бір құжаттар талап етілмейді, рәсімді кредиттік бюро жүргізеді.
Оңалту тетігінде қарыз алушының санатына байланысты «оңалтылды» мәртебесін алу үшін 3 бағыт көзделген.
Осындай кредит бойынша «оңалтылды» мәртебесі берешектің барлық сомасы өтелгеннен кейін 12 а й өткен соң және 30 күннен астам мерзімін өткізу болмаған кезде оңалту жоспарын орындағаннан кейін тағайындалады. Қарыз алушы оңалту жоспарын орындамаған жағдайда оңалту рәсіміне өтінішті 5 жыл өткен соң қайта беруге болады.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мына телефонға хабарласыңыздар
+7 (727) 237 1000
Баспасөз қызметі
+7 727 237 1090
press@finreg.kz