Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының әкімдігі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері және кәсіптік одақтардың бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған үшжақты келісім

I бөлім. Жалпы ережелер

  1. Алматы облысы әкімдігінің, "Алматы облысының Кәсіподақ Орталығы", "Алматы кәсіподақтар одағы" аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің және "Қазақстан Республикасының Жұмыс берушілер (кәсіпкерлер) ұлттық Конфедерациясы" заңды тұлғалар бірлестігінің (бұдан әрі-Тараптар) өкілетті өкілдері, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Еңбек кодексіне және заңнамасына сәйкес әрекет ете отырып:

- Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;

- мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара құрмет, сенім және олардың мүдделерін ымыраға келтіруге барынша қол жеткізу;

- әлеуметтік әріптестік, оның ішінде еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды ұжымдық-шарттық реттеу;

- жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, еңбек ұжымдарында келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін сындарлы өзара әрекет ету қағидаттарын тани отырып,

осы Алматы облысының әкімдігі, жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен кәсіптік одақтардың аймақтық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған Үшжақты келісімді (бұдан әрі – Келісім) келесідей бағыттар бойынша жасасты:

1) әлеуметтік әріптестік;

2) экономикалық саясат;

3) халықты жұмыспен қамтамасыз ету;

4) лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақы төлеу;

5) әлеуметтік саясат;

6) Келісімді іске асырылуын және оның орындалуын бақылау.

  1. Келісімде пайдаланылатын ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

 

II бөлім. Әлеуметтік әріптестік

  1. Тараптар жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің), жұмыс берушілердің (жұмыс берушілер өкілдерінің), еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдауға уағдаласты.

Тараптар әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша міндеттемелерді қабылдады, олар мынаған бағытталған:

1) кәсіптік одақтар бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау бойынша рөлін арттыру;

2) кәсіптік одақтар бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) қызметіне араласпау, оларды құруға және жұмыс істеуіне кедергі болмау туралы заңнамалық және жалпыға бірдей танылған халықаралық нормалар мен қағидаларды сақтау;

3) Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары мен ұсынымдарына сәйкес Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі  облыстық үшжақты комиссия (бұдан әрі – облыстық комиссия) туралы жаңа Ережені қабылдауды көздейтін облыстық комиссияны жаңғырту;

4) Облыстық комиссияның отырыстарында Тараптардың консультациялары мен келіссөздерін тұрақты өткізу, сондай-ақ еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша оның шешімдерін толық, уақтылы және сапалы орындау;

5) еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелерін қарау кезінде Тараптар өкілдерінің облыстық үшжақты комиссия отырыстарына қатысуы;

6) Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары мен ұсынымдарына сәйкес Тараптардың (жұмыс берушілер мен жұмыскерлер өкілдерінің) жұмыскерлердің әл-ауқатына және еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін мәселелерді бірлесіп қарау құқығын көздейтін екіжақты әлеуметтік әріптестік институтын дамыту;

7) ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу, оларды шешудің қолданыстағы тәртібін жетілдіру, сондай-ақ облыс ұйымдарында әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу практикасын дамыту;

8) облыс ұйымдарында әлеуметтік – еңбек қатынастарын ұжымдық–шарттық реттеудің келісілген әлеуметтік–экономикалық саясатын, тетіктері мен рәсімдерін жүргізудің жалпы қағидаларын әзірлеу;

9) жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарында консенсусқа қол жеткізу бойынша бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу;

10) салалық және өңірлік келісімдер жасасу, оларды кейіннен орындау тәжірибесіне мониторинг жүргізу және жалпыландыру, сондай-ақ ұжымдық шарттар негізінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу үшін бақылауды жүзеге асыру.

 

III бөлім. Экономикалық саясат

  1. Тараптар халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру, сондай-ақ экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету бойынша орта мерзімді мақсаттарға қол жеткізу мақсатында экономикалық саясатты дамытуға бағытталған шараларды қабылдауға уағдаласты және өзіне келесідей міндеттемелерді қабылдайды:

 

Алматы облысының әкімдігі:

1) экономикалық белсенділікті қолдауға және 2023 жылы мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған контрциклдық макроэкономикалық саясатты жүргізу:

ЖІӨ өсімі – 103 % (орта есеппен үш жылда);

инфляцияның нысаналы дәлізі – 4-6 %;

тікелей шетелдік инвестициялар көлемі – 294 млн. АҚШ долл.;

шикізаттық емес экспорт көлемі –511 млн. АҚШ долл.;

еңбек өнімділігінің 18,2%-ға өсуі (2019 жылға қарай);

ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі – 34%.

2) салықтық-бюджет саясатын отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және импортты алмастыруды ынталандыруға бағыттау;

3) мыналар:

мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен шараларының атаулылығын кеңейту және арттыру;

экономикалық қолжетімді банктік кредит беру көлемін ұлғайту арқылы бизнес үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау;

4) мемлекеттің үлесі мен қатысу деңгейінің аражігін нақты ажырата отырып, «шешімдер топтамасы» шаралар кешенін айқындау жолымен ішкі және/немесе сыртқы нарықтарда қатысуын ұлғайтуға қабілетті кәсіпорындарды ынталандыруды қамтамасыз ету;

5) бизнестің банктік кредиттеуге тәуелділігін төмендету үшін микрокредит беруді, факторингті, қор нарығының мүмкіндіктерін кеңейту арқылы банктік кредиттеуге баламаларды дамытуды қамтамасыз ету;

6) бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру, оның ішінде:

«Бизнеске арналған үкімет» қызметтер көрсетудің бірыңғай кеңсесі қағидаты бойынша мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа форматын кеңейту;

бизнес құру рәсімдерін оңайлату және әкімшілік кедергілерді қысқарту;

мемлекеттік реттеуді, оның ішінде салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру және жұмсарту, нарыққа кіру және бизнесті жүргізу процестері бойынша кедергілерді азайту;

инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын арттыру;

мемлекеттік сатып алуға, квазимемлекеттік секторды сатып алуға және жер қойнауын пайдаланушылардың реттелетін сатып алуына қатысу бойынша отандық бизнес үшін қолжетімділікті кеңейту;

мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құралдарын, оның ішінде фискалдық ынталандырулар, жеңілдіктер мен преференциялар арқылы кеңейту;

инвестициялық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету;

мемлекеттің экономикаға тікелей қатысуын азайту;

ЭЫДҰ елдерінің озық практикасын қолдана отырып, квазимемлекеттік сектор мен жеке бизнес арасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру;

көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету бойынша ынталандыру шараларын қолдану.

 

Тараптар бірлесіп:

1) нысаналы индикаторларға қол жеткізу негізінде субсидиялар мен қолдау шараларының тиімділігін мониторингтеу мен бағалау жүйесін дамыту;

2) мемлекеттік сатып алу жүйесінің, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың ашықтығын қамтамасыз етуге;

3) ауыр бұзушылықтар бойынша жауапкершілікті қатаңдата отырып, болмашы құқық бұзушылықтарға «жұмсақ құқық» құралдарын неғұрлым кеңінен қолдануға көше отырып, бәсекелестікті дамыту жөніндегі проактивті мемлекеттік саясатты енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыруға;

4) озық практикалар мен ЭЫДҰ стандарттарын имплементациялау жөніндегі, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын ұлттық және жаһандық деңгейлерде іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға;

5) кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін, сапа менеджменті жүйелерін, корпоративтік басқару қағидаттарын және еңбек пен капиталдың өнімділігін арттыратын энергия үнемдеуші озық технологияларды ендіруде жәрдемдесуге уағдаласты.

 

IV бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету

  1. Тараптар еңбек нарығын дамытуға және халық табысының өсуін арттыру үшін халықты тиімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған шаралар қабылдауға уағдаласты және өзіне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

Алматы облысының әкімдігі:

1) жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жағдай жасайды, оның ішінде:

- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, оның ішінде онлайн режимде;

- жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру;

- «Жас кәсіпкер» жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша  жағдайлар жасайды;

2) жұмыспен қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуге және қосымша жұмыс орындарын құруға бағытталған Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын іске асырады;

3) жалдау мен жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын дамыту және енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізеді;

4) білім беру жүйесін еңбек нарығының қажеттілігіне және оның даму перспективаларына сәйкес кадрлар даярлауға бағдарлайды;

5) жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен құзыреттер алу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді;

6) әлеуметтік сақтандыру арқылы нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыратын болады;

7) жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асырады;

8) шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау арқылы ішкі еңбек нарығын қорғайды;

9) жұмыс берушілерге мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жәрдем көрсетеді.

 

"Қазақстан Республикасының Жұмыс берушілердің (кәсіпкерлердің) ұлттық Конфедерациясы" заңды тұлғалар бірлестігі:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттерін ұжымдық шарттарға және өңірлік келісімдерге енгізу бойынша жұмыстарды жүргізеді;

2) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп, жұмыс берушілерге қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар практикасын өткізу үшін жұмыс орындарын  ұйымдастыру бойынша хабардар етеді және жәрдемдеседі;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құруын қамтамасыз етеді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының стандарттарын сақтай отырып, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындау бойынша жұмыс берушілердің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді;

5) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін мамандықтар бөлінісінде бос орындардың болуы туралы мәліметтерді және жұмыс орындарын құру болжамы туралы деректерді еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына, оның ішінде «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

6) жұмыс берушілердің құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері (ұйым ішінде) болып табылатын заңды тұлғаларға (филиалдарға, өкілдіктерге және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерге) қысқартылатын жұмыскерлерді жұмыс берушілермен ұқсас лауазым, тиісті біліктілік, мамандық немесе кәсіп, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны мен сапасы бойынша бар бос орындарға ауыстыруын қамтамасыз етеді;

7) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттармен "Бірінші жұмыс орны" жобасы шеңберінде жұмыс берушілерге жастарды жұмысқа орналастыруда жәрдемдеседі және хабарлайды;

8) кандидаттардың біліктілігі тең болған кезде (жұмыскердің білім деңгейін, білімін, іскерлігін, кәсіптік дағдылары мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып) қазақстандық мамандар үшін жұмыс берушілердің жұмысқа орналасуға басым құқық беруі арқылы шетелдік мамандарды біртіндеп қазақстандық мамандармен ауыстыру жөнінде шаралар қолданады және шетелдік мамандарды қазақстандық мамандармен біртіндеп ауыстыру жөнінде шаралар қолданады;

9) аға буынды жұмыскерлердің тәжірибесі мен дағдыларын жастарға беру үшін тәлімгерлік бойынша жұмысты күшейтеді;

10) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жұмыс берушілердің жұмыс орындарын сақтауын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

11) ұйымдарды қайта құрылымдау процесінде жұмыс берушілердің жұмыскерлерді жаппай босатуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.

 

Кәсіптік одақтардың бірлестіктері:

1) бұқаралық ақпарат құралдарында жұмысшы кәсіптері мен мамандықтарын танымал етуді жүзеге асырады;

2) жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.

Тараптар бірлесіп:

1) XXI ғасырдың жоғары сапалы және талап етілетін дағдыларымен адами капиталды дамыту облыстың дамуының жаңа бағытының басым міндетіне айналады;

2) өнімділігі төмен салаларда, жұмыс күшінің еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету, экономиканың бейресми секторында жұмыспен қамтылғандарды және жұмыссыздарды қолдауға бағдарлауды сақтау, еңбек нарығының инфрақұрылымын жетілдіру және жұмыспен қамтудың икемді нысандарын ресімдеу арқылы қолда бар еңбек ресурстары өнімділігінің өсуіне жәрдемдесуге;

3) облыста халықты жұмыспен  қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ 2023 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 4,7%-дан аспайтын деңгейде сақтау жөніндегі жұмысты жүргізуге;

4) облыста еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдардың жалпы санынан жұмыспен қамтылған мүгедектігі бар адамдардың үлесін 2023 жылға қарай 22% қамтамасыз етуге;

5) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжамдау, еңбек нарығы туралы хабардар ету жүйесін жетілдіруге;

6) экономика салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге;

7) еңбек ресурстарының сапасы мен әлеуетін арттыруға;

8) жұмыспен қамтудың жаңа құрылымын және жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім берудің білім сапасын жаңғыртуды ескере отырып, кадрлар даярлау бойынша жүйелі шаралар қабылдауға;

9) мыналар:

кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың салалық бағдарламаларын әзірлеу;

кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту;

жұмыстанбосатылатын жұмыскерлерді өндірісішілік оқытуды және озыңқы кәсіптік оқытуды дамыту;

кадрлардың кәсіби ұтқырлығы мәселелері бойынша консультациялар өткізуге;

10) экономика салалары бөлінісінде «Жаңа кәсіптер атласын» әзірлеуге, өзектілендіруге және қолдануға қатысуға;

11) «Еңбек жолы» республикалық конкурсын және «WorldSkills» кәсіби шеберлік чемпионатын өткізуге қатысуға уағдаласты.

 

V бөлім. Лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақытөлеу

 

  1. Тараптар қолайлы, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға, гендерлік теңдікке, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауға, жұмыскерлердің еңбек әлеуетін дамытуға, оның ішінде жұмыскерлердің өндірістік шешімдер қабылдауға қатысуы арқылы дамытуға бағытталған шаралар қабылдауға уағдаласты және өздеріне мынадай міндеттемелерді қабылдайды:

 

Алматы облысының әкімдігі:

1) ең төмен жалақы мөлшерін арттыру, оның ішінде оны жыл сайын индекстеу жолымен арттыру мәселесін қарау жөніндегі Жол картасын бекітеді;

2) мемлекеттік еңбек инспекторларының профилактикалық жұмысқа және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға бағытталатын қызметін жетілдіреді;

3) қашықтықтан жұмыс істеуді реттеуді жетілдіру бөлігінде еңбек заңнамасына өзгерістер енгізу мәселесін қарайды;

4) жалпы үрдістерді анықтау және алдын алу шараларын қабылдау мақсатында өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруды анықтау және талдау жөніндегі жаңа әдістер мен құралдарды енгізуді қамтамасыз етеді;

5) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайлар басталған кезде жұмыс берушілердің (кәсіпорындардың, ұйымдардың) шығындарын мемлекеттік бюджеттен ішінара субсидиялау (өтеу) мәселесін қарайды;

6) өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселесін қарайды;

7) қауіпсіз, экологиялық таза қоршаған ортаны құру, табиғи ресурстарды теңгерімді пайдалану жолымен өмір сүру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді;

8) еңбек қызметіне байланысты зиянды еңбек жағдайларында және жазатайым оқиғаларда жұмыс істейтін жұмыскерлердің статистикалық есептілігі мен оларды есепке алу жүйесін жетілдіруді қоса алғанда, еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау жай-күйінің мониторингі жүйесін дамытуды қамтамасыз етеді;

9) жұмыскерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ұйымдардың басқару органының отырыстарына жұмыскерлер өкілдерінің қатысуына халықаралық тәжірибелерді зерделейді, қажетіне қарай заңнаманы өзгерту жөнінде ұсыныстар дайындайды.

 

"Қазақстан Республикасының Жұмыс берушілердің (кәсіпкерлердің) ұлттық Конфедерациясы" заңды тұлғалар бірлестігі:

1) жұмыс берушілердің еңбекті қорғауды басқару жүйесін жаппай енгізуіне жәрдемдеседі;

2) жұмыс берушілердің кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау саласындағы қағидаларды, нормалар мен стандарттарды сақтауына және жұмыс берушілердің қажетті ресурстарды (материалдық, кадрлық, техникалық және т. б.) бөлуіне жәрдемдеседі;

3) кәсіпорын басшыларын еңбекті ұйымдастыру, еңбек қатынастарын жасасу, қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету, еңбек көші-қоны және еңбек инспекцияларымен өзара қарым-қатынас мәселелеріне оқытуға жәрдемдеседі;

4) жұмыс берушілердің әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін іске асыру үшін, оның ішінде келісімдер мен ұжымдық шарттар шеңберінде жағдайлар жасауына ықпал етеді;

5) жұмыс берушілердің жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі алдын алу шаралары кешенін, оның ішінде:

өндірістік жарақаттанудың алдын алу;

ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді мерзімді медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізу;

кәсіптік тәуекелдерді басқару тетіктерін өндірістік практикаға енгізу шараларын іске асыру;

5) жұмыс берушілердің жалақыға және міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарға арналған қаражатты өзге мақсаттарға пайдалануына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;

6) ұқсас және біліктілігі бірдей жұмыстарды орындау кезінде шетелдік және отандық жұмыскерлер арасында еңбекақы төлеу саласында жұмыс беруші тарапынан кемсітушілікке жол бермеуді қамтамасыз етеді;

7) еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру, еңбек көші-қонын, еңбек қатынастарын, әлеуметтік және гендерлік саясатты жүзеге асыру, жұмыс орындарында АИТВ-ЖИТС-тің және басқа да әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу, пандемия жағдайында қашықтықтан жұмыс істеуді ұйымдастыру, балалар еңбегін жою, Ұжымдық келіссөздер, әлеуметтік әріптестік мәселелері бойынша анықтамалық және басқа да әдебиеттердің электрондық басылымдарын шығаруға жәрдемдеседі.

 

Кәсіптік одақтардың бірлестіктері:

1) салалық және өңірлік үшжақты келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген талаптарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуді жандандырады;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысын, оның ішінде еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізуі бөлігінде жандандырады;

3) ұжымдық-шарттық қатынастарды, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда жасалған электрондық еңбек шарттарын тарату жөніндегі ақпараттық науқандарды жүргізеді;

4) еңбек ұжымдарында өндірістегі жазатайым оқиғалардың, жарақаттар мен аурулардың ауқымы мен салдарын талдамалық баяндамалар дайындау арқылы түсіндіреді.

 

Тараптар бірлесіп:

1) әзірленген ұсыныстарды кейін уәкілетті мемлекеттік органдарға практикалық іске асыру үшін жібере отырып, Облыстық комиссияның, оның жұмыс топтарының, салалық және өңірлік комиссиялардың отырыстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауру жай-күйі мәселелерін қарауға;

2) қызметкерлердің жалақы деңгейін арттыру мақсатында еңбек өнімділігін арттыру, өнім сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдауға жәрдемдесу;

3) 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша, келесі бағыттарда:

әйелдер мен ерлер үшін тең құқықтар мен мүмкіндіктерін;

ана ме баланы қорғауды, әйелдерді әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы гендерлік проблемаларды шешуді;

балаларды күтумен және олардың тәрбиесімен айналысатын ерлер мен әйелдерге тең қолдау көрсетуді;

әйелдер мен ерлердің еңбекақысындағы теңдікті;

басқару функцияларын жүзеге асыратын әйелдердің үлесін кеңейтуді қамтамасыз ететін шаралар қабылдауға;

4)мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша, келесі бағыттарда:

еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласында жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге;

өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;

жастардың оң қоғамдық бастамаларын қолдау және ынталандыруға бағытталған шараларды қабылдауға;

5) балалар еңбегінің ең нашар түрлерін тиімді жоюға бағытталған ұлттық саясатты сақтауға және іске асыруға жәрдемдесуге;

6) еңбекті қорғауды басқару жүйесі нәтижелілігінің төменде көрсетілген шараларды іске асыруға қатысуға:

өндірістік жарақаттану деңгейін (1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті) 2023 жылға қарай 0,02-ға дейін азайту;

ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағын (ірі және орта кәсіпорындар арасында) 2023 жылға қарай
90,2%-ға дейін ұлғайту;

7) республика кәсіпорындарын «VizionZero» халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының бағдарламасына қосу жөніндегі ақпараттық науқанды жалғастыруға;

8) жұмыс беруші экономикалық дәрменсіз (банкрот) болған жағдайда жұмыскерлердің ақшалай өтемақы алуға құқықтарын қорғау жөнінде шаралар әзірлеу және қабылдау үшін консультациялар өткізуге;

9) кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құруға, сондай-ақ олардың тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесуге;

10) республиканың кәсіпорындарында:

қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушіден мердігерге дейін тік бақылауды;

еңбекті қорғау мен қауіпсіздігінің қазіргі заманғы стандарттарын енгізу жөніндегі жұмысты жүргізуге;

11) еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға келісімдерде, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актілерінде айқындалатын мөлшерде, бірақ жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес ай сайынғы қосымша ақыны жүзеге асыру мәселесі бойынша консультациялар өткізуге, сондай-ақ жұмыс берушінің және (немесе) кәсіптік одақтардың қаражаты есебінен мамандандырылған білім беру ұйымдарында олардың жыл сайынғы оқуын өткізуге уағдаласты.

 

VI бөлім. Әлеуметтік саясат

 

  1. Тараптар әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларды олардың өмір сүру деңгейін арттыру үшін жағдай жасау және мынадай әлеуметтік шешімдер қабылдау және іс-шаралар өткізу жолымен қабылдауға уағдаласты.

 

Тараптар әлеуметтік саясатты дамыту жөніндегі міндеттемелерді қабылдады, олар мынаған бағытталған:

1) азаматтарға міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің кепілдік берілген түрлерін қамтамасыз ету;

2) экономиканың өсуін және бюджеттік мүмкіндіктерді ескере отырып, ең төмен әлеуметтік стандарттарды халықаралық баламаларға кезең-кезеңімен жақындату жөнінде шаралар қабылдау;

3) әлеуметтік төлемдерді цифрландыру шеңберінде азаматтың «Әлеуметтік әмияны» цифрлық платформасын енгізу;

4) 2021 жылы жұмыскерлердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін келесідей сұрақтарды қарастыру:

- ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлердің зейнеткерлікке ерте шығуы туралы;

- ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыс орнында денсаулығы кенеттен нашарлаған кезде жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау туралы;

- жұмыс берушінің жұмыскерге (оның заңды өкіліне) өндірістегі жазатайым оқиға немесе кәсіптік ауру нәтижесінде келтірілген зиянның бір жолғы өтемін төлеуі туралы;

- жұмыскердің денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдердің мөлшерін (регрестік төлемдер) тиісті біліктілігі (лауазымы) бойынша кәсіпорындағы (ұйымдағы) орташа жалақының өсуіне прапорционалды арттыру туралы мәселелерді қарау;

5) әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;

6) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін кеңейту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастыруға жәрдемдесу;

7) мүгедектігі бар жұмыскерлердің өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік қолдауды күшейту, сондай-ақ олардың қоғамға кірігуі үшін тең жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдау;

8) ерікті зейнетақы, медициналық, әлеуметтік сақтандыру жүйелерін дамыту;

9) Облыстық комиссияның отырыстарында әлеуметтік саясат моделін жаңғырту мәселелерін қарау;

10) әлеуметтік диалогты қамтамасыз ету ісінде әкімдіктің, кәсіподақтардың және жұмыс берушілердің мүдделерінің тепе-теңдігін мүлтіксіз сақталуы.

 

VII бөлім.Келісімді іске асыру және оның орындалуын бақылау

 

  1. Тараптар осы Келісім экономика салаларындағы ағымдағы фискалдық саясатты ескере отырып, экономика, еңбек, жұмыспен қамту және жұмыскерлер үшін әлеуметтік кепілдіктер саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын іске асыру жөніндегі келісілген іс-қимылдар мен шараларға бағытталған әлеуметтік әріптестіктің базалық құжаты болып табылатынына келісті және оның тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында төмендегілер туралы уағдаласты:

1) Келісімге қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде Келісімді іске асыру және оны одан әрі қарау және облыстық комиссияның отырысында бекіту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

2) Тараптардың әрқайсысы Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасауға құқылы, олар барлық тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданады, Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамамен ресімделеді және оларға қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

3) Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін ол ресми жариялануға тиіс. Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары оларға қол қойылған күннен бастап бір ай мерзімде енгізілген өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға сәйкес келтіріледі;

4) Келісімді іске асыруға қатысты мәселелер жөніндегі Облыстық комиссияның шешімдері осы Келісімді іске асыру нысандарының бірі болып табылады;

5) Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын мониторингтеу негізінде Облыстық комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен Келісімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

6) салалық және өңірлік (қалалық, аудандық) келісімдер осы Келісіммен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын нашарлатпауға тиіс;

7) Тараптардың әрқайсысы салалық және өңірлік деңгейлерде келісімдерді әзірлеуге және қабылдауға қатысатын байқаушылар тобына енгізу үшін өз өкілдерін айқындайды және бұл туралы қалған тараптарды хабардар етеді;

8) Келісімнің күші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан қабылдаушы Тараптың жұмыскерлеріне, жұмыскерлеріне, кәсіптік одақтар бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына), жұмыс берушілер бірлестіктеріне (қауымдастықтарына, одақтарына), жұмыс берушілерге, сондай-ақ қабылдаушы Тарапқа, оның ішінде есептік тіркеуден өткен шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне қолданылады;

9) Кәсіптік одақтардың облыстық бірлестіктері өз өкілеттіктері шеңберінде кәсіптік одақтардың кәсіптік одақ мүшелері болып табылмайтын жұмыскерлердің мүдделерін,  кәсіптік одақ мүшелері үшін жасалған талаптар секілді,олардың жазбаша өтініштері негізінде білдіруіне жәрдемдесетін болады;

10) Келісімнің орындалуын және әлеуметтік әріптестіктің барлық Тараптарының жауапкершілігін бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

11) Осы Келісім оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және Бас келісім қабылданғанға дейін 2023 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірілмей жасалуға тиіс келесі кезеңге қолданылады;

12) Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы келісімге қол қойылғаннан кейін оны облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ресми интернет - ресурсында орналастырады;

13) Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Келісімнің іске асырылу барысы туралы ақпаратты жинақтауды және талдауды жүзеге асырады, оны өзінің ресми Интернет-ресурсында орналастырады;

14) Келісім Талдықорған қаласында 2021 жылғы «6» мамырында Тараптардың әрқайсысы үшін бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 данада жасалды.

 

 

 

Осы үшжақты келісімге қол қойғандар:

Алматы облысының әкімдігі атынан:

Алматы облысы әкімінің орынбасары

Б.Қ. Байжұманов

 

 

___________________

 

 

 

Кәсіптік одақтардың бірлестіктері атынан:

«Алматы облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы А. Қыдырманов

 

 

___________________

 

«Алматы кәсіподақтар одағы»

кәсіподақтарының аймақтық одағының төрағасы А. Қаратаев

 

 

___________________

 

 

 

Жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің атынан:

«Қазақстан Республикасы Жұмыс берушiлер (кәсіпкерлер) Ұлттық Конфедерациясы»

ЗТҚ вице-президенті, бас директоры В. Бреусова

 

 

___________________

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 мая 2021
Дата обновления
07 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы