Қарасай ауданында 2021 жылдың 1 мамырына таңдаушылар саны 25 депутатты құрайды. 2021 жылғы 17 мамырға тағайындалған Ұмтыл ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 17 сәуірде басталып, 2021 жылғы 22 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 де аяқталды.
Қарасай ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі №79-01-10/1329 ұсынысы негізінде 2021 жылғы 17 мамырдағы жағдай бойынша Ұмтыл ауылдық округінің әкімдігіне барлығы 3 кандидат ұсынылды.
21 сәуірде аудан әкімінің ұсынысы негізінде төмендегі 3 кандидат өтініштерін өткізді:
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы барлық кандидаттардың Конституциямен және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігін тексерді.
2021 жылдың 2-мамырында Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес, кандидаттармен тіркеу үшін барлық қажетті құжаттар (кандидаттарды ұсыну туралы аудан әкімінің ұсынысы, дауысқа түсуге келісім беру туралы өтініштер, кандидаттардың өмірбаяндық деректері, кандидат пен оның жұбайларының активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалар) ұсынылғанына байланысты, 3 кандидат – Қ.Қожахметов, Ә.Көжекеев, С.Үмбетәлиев тіркелді. Олардың тіркелуі туралы ақпарат 2021 жылғы 08-мамыр күні Қарасай аудандық «Заман Жаршысы» газетіне жарияланды, сонымен қатар Қарасай ауданы әкімдігінің сайтында орналастырылды.
02 мамырдан бастап тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттармен сайлау алдындағы үгіт – насихат жұмыстары жүргізілді.
14 мамырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында кандидаттардың таңдаушылармен кездесуі өткізілді.
17 мамырда тізімге енгізілген сайлаушылардың саны – 25 депутатты құрайды, сайлауға қатысқаны – 21 , сайлауға қатысушы үміткерлердің саны – 3.
Ұмтыл ауылдық округі әкімі лауазымына үміткерлерге берілген дауыс саны: Қ.Қожахметов – 2, Ә.Көжекеев – 0, С. Үмбетәлиев – 20.
Қарасай аудандық сайлау комиссиясы төрағасының шешімі негізінде 17 мамырда өткізілген Ұмтыл ауылдық округінің әкімі болып Умбеталиев Серик Калижанович сайланды және тіркелді.
2021 жылғы 17 мамырдағы жағдай бойынша сайлауды әзірлеу мен өткізуге қатысты шағымдар мен өтініштер болған жоқ.
Қарасай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ғ.М. Аманова