Балқаш ауданында 2021 жылдың 1 мамырына таңдаушылар саны 12 депутатты құрайды. 2021 жылғы 12 мамырға тағайындалған Бақбақты ауылдық округінің әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну 2021 жылғы 12 сәуірде басталды және 2021 жылғы 16 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталды.
2021 жылғы 16 сәуірдегі жағдай бойынша Бақбақты ауылдық округінің әкімдігіне барлығы 2 кандидат ұсынылды.
16 сәуірде аудан әкімінің ұсынысы негізінде төмендегі 2 кандидат өтініштерін өткізді:
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы барлық кандидаттардың Қазақстан Республикасы Конституциясы және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігін тексерді.
27 сәуірде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес, кандидаттармен тіркеу үшін барлық қажетті құжаттар (кандидаттарды ұсыну туралы аудан әкімінің ұсынысы, дауысқа түсуге келісім беру туралы өтініштер, кандидаттардың өмірбаяндық деректері, кандидат пен оның жұбайларының табысы мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы анықтамалар) ұсынылғанына байланысты, 2 кандидат – Б.А.Мұханов, А.М.Түймебаев тіркелді. Олардың тіркелуі туралы ақпарат аудандық БАҚ-та жарияланды, аудан әкімдігінің сайтында орналастырылды.
27 сәуірде бастап тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттар сайлау алдындағы үгіт жүргізді.
5 мамырда аудан маслихатының мәжіліс залында кандидаттардың таңдаушылармен кездесуі өткізілді.
12 мамырда тізімге енгізілген сайлаушылардың ортақ саны – 12, сайлауға қатысқаны – 11 , сайлауға қатысушы үміткерлердің саны – 2.
Әкімге үміткерлерге берілген дауыс саны: Б.А.Мұханов - 0, А.М.Түймебаев - 11.
Аудандық сайлау комиссиясының шешімі негізінде 12 мамырда өткізілген Бақбақты ауылдық округінің әкімі болып Түймебаев Айдархан Мырзахасымұлы сайланды және тіркелді.
2021 жылғы 12 мамырдағы жағдай бойынша сайлауды әзірлеу мен өткізуге қатысты шағымдар мен өтініштер болған жоқ.
Аудандық аумақттық сайлау комиссиясының төрағасы А.Өмірбаев