Үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру кезінде Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен немесе тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібі)
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
18-бап. Үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру кезінде екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен немесе көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібі
- Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатының негізінде жүзеге асырады.
- Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
- Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу үшін құрылыс салушы және уәкілетті компания жергілікті атқарушы органға осы Заңның 9-бабының 1және 3-тармақтарындажәне 10-бабының 1 және 3-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш жібереді.
- Жергілікті атқарушы орган құрылыс салушыдан және уәкілетті компаниядан осы баптың 3-тармағындакөрсетілген құжаттарды алған кезден бастап сегіз жұмыс күні ішінде үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат не жазбаша уәжді бас тартуын жіберуге міндетті.
- Құрылыс салушының және (немесе) уәкілетті компанияның осы Заңның 9-бабының 1және 3-тармақтарындажәне 10-бабының 1 және 3-тармақтарында белгіленген бір немесе бірнеше талапқа сәйкес келмеуі жергілікті атқарушы органның үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруден бас тартуы үшін негіз болып табылады.
- Құрылыс салушы және уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруден уәжді бас тартуға сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
- Құрылыс салушы және уәкілетті компания уәжді бас тартуда көрсетілген ескертулерді жойғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алуға қайта жүгінуге құқылы.
- Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатты жергілікті атқарушы орган көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға беруге дейін оның құрылысының бүкіл кезеңіне береді.
- Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру және одан айыру "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
(1 қосымша )
____________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
әкімі
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
(болған жағдайда)
Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру туралы өтініш
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың
деректемелері, байланыс телефоны, заңды тұлғаның атынан әрекет ететін жеке тұлға –
өтініш берушінің мекенжайы)
___________________________________________________________________(заңды тұлғаның атынан осы өтінішті беруге өтініш берушінің өкілеттіктерін
растайтын нотариалды немесе өзге жолмен куәландырылған құжатқа сілтеме)
_________________________________________________________________
(өтініш берушінің жұмыс орны және лауазымы, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы)
__________________________________________________________________
(орналасқан жері, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)
бойынша орналасқан, алаңы ___, __________қабатты көппәтерлі тұрғын үй салу үшін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруіңізді сұраймыз.
Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес объектіні пайдалануға беру мерзімі 20__ жылғы "___" _______.
Өтініш берушілер мен осы өтінішті берген заңды тұлғаның бірінші басшылары өтінішке қоса берілген құжаттардың шынайылығына, сондай-ақ осы өтінішті қарауға байланысты сұрау салынатын ақпараттың жергілікті атқарушы органға уақтылы ұсынылуына толық жауап береді. Қосымша (жіберілетін құжаттардың атауы жазылған тізілімді, даналар санын және олардың әрқайсысының парақ санын көрсету керек):
________________________________________
(Құрылыс салушының қолы, күні)
________________________________________
(Уәкілетті компанияның қолы, күні)
(2 қосымша)
Талап етілетін құжаттар тізбесі
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру
Екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен
- Республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жалпы алаңы кемінде он сегіз мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде тоғыз мың шаршы метр тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) құрылысының объектілерін өткізу, оның ішінде Тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде үш жыл тәжірибесін растайтын құжаттар (пайдалануға беру актісінің көшірмесі).
- Мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесі..
- Кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы.
Тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту тәсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру)
- Оның ішінде Тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер) ретінде жиынтығында кемінде бес жыл бойы Республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы құрылыс кезінде жалпы алаңы кемінде алпыс мың шаршы метр және өзге де әкімшілік-аумақтық бірліктердегі құрылыс кезінде кемінде отыз мың шаршы метр тұрғын үйлерді (Тұрғын ғимараттарды) Қазақстан Республикасының аумағында салуды және пайдалануға беруді растайтын құжаттар (пайдалануға беру актісінің көшірмесі). Бұл ретте құрылыс салушының еншілес ұйымдарының жиынтық тәжірибесі ескеріледі.
- Мемлекет берген уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен немесе меншік құқығымен тиесілі жер учаскесі.
- Кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен тұрғын үй (тұрғын ғимарат) құрылысы жобасының жобалау-сметалық құжаттамасы.
- Инжинирингтік компанияның есебімен расталған тұрғын үй (тұрғын ғимарат) қаңқасының аяқталған құрылысының болуы.
- Инжинирингтік компаниямен шарты болуы міндетті.