Меню

Страницы

Статья

Қапшағайда 5 адам құтқарылды.

Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні сағат 15.25-те Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қапшағай су қоймасын патрульдеу кезінде №6 қалалық жағажай маңында суға батып бара жатқан бір топ адамды байқады.

Жедел жүргізілген құтқару жұмыстарының нәтижесінде жағалауға 2002-2004 жылдары туылған 5 жасөспірім  жеткізілді. Жасөспірімдердің бірі ес-түссіз күйде жеткізілді, реанимациялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін, қыз санаға келтіріліп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Белгілі болғандай, жастар Алматы қаласынан демалысқа келген болатын.

Су қателіктерді кешірмейді! Судағы тәртіп ережелерін сақтау сізге қауіпсіз және жағымды демалысты қамтамасыз етеді, Сіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтайды.

Алматы облысының ТЖ Департаменті азаматтардан төмендегі судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды:

  • Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз. Суға ішімдік ішкен күйде кірмеңіз;
  • Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз және суға түспеңіз. Суда шомылушыларды ұстап алумен байланысты тентектікке жол бермеңіз;
  • Қатты ағысы бар тік, жағалауларда, батпақты және өсімдіктермен толып жатқан жерлерде шомылмаңыз;
  • Күшті ағыспен күреспеңіз. Оны жағаға жақындау үшін қолданыңыз. Ешқашан иірімдерге жүзбеуге тырысыңыз;
  • Тоңып немесе қызып кетпеңіз. Егер судың температурасы + 18 С-тан төмен болса, шомылмаңыз;
  • Жүзу тақталарын, бөренелерді, қолдан жасалған құрылғыларды пайдаланбаңыз;
  • Жағадан алыс жерге үрлемелі матрастарда немесе баллондарда жүзубеңіз;
  • Балаларға суға құлап кететін жерлерде ойнауға рұқсат бермеңіз;
  • Шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Дата публикации
25 мая 2021
Дата обновления
25 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы