Халықты туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары туралы, туберкулездің алғашқы белгілері туралы, туберкулезді жұқтырудың қауіптілігі мен ауыр зардаптары туралы хабардар етуді арттыру, денсаулыққа ортақ жауапкершілікті тәрбиелеу, өзін-өзі сақтау мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, профилактикалық тексеруден міндетті түрде өту қажеттілігін түсіну мақсатында «Өзіңді туберкулезден қорға!» атты Ұлттық бағдарлама шеңберінде 1 мыңнан астам адамды қамтумен 48 түрлі іс-шаралар (семинарлар, пікірталастар, акциялар, спорттық іс-шаралар) өткізілді.