Меню

Страницы

Статья

Психикалық денсаулықты қорғау

Қазіргі таңда өзіне қол жұмсау, денсаулыққа зиян келтіретін күйзелісті азайтуға, алдын алуға арналған шаралар көбейгені туралы белгілі. Қоғамды және барлық қауымдастықты қамтитын психикалық мәселенің дамуына әсерін тигізетін көптеген әлеуметтік факторлар бар.

Бұл себептер түрлі жағдайларда немесе  түрлі орындарда пайда болып немесе күшейюі мүмкін, үйде, мектепте, қоғамдық жерлерде және түрлі мекемелерде. Психикалық денсаулықты сақтау үшін басқа да денсаулыққа әсер ететіндерді де ескеру қажет.

Адамның денсаулығын нығайтуға бағытталған өмір салтын қалыптастыру үш деңгейде орындалады:

- әлеуметтік – насихаттау, ақпараттық-ағарту жұмыстары;

-инфрақұрылымдық – адамның негізгі тіршілігіндегі нақты жағдайлар, алдын алу мекемелері, экологиялық бақылау;

- жеке бастық – өмірдің тұрмыстық жағы, адамның құндылықтар жүйесінің бағдары (бос уақыттың болуы, материалдық қаражат).

Психикалық және физикалық денсаулық—өзара байланысқан құбылыс. Өз психикамызды сақтай отырып, біз ағзаға тұтас қамқарлық жасаймыз. Өз жағдайымызға мұқият назар аударуымыз керек, егерде психикалық қолайсыздықты сезінсек маман кеңесіне жүгініп, көмек алуымыз керек.

Психикалық денсаулықты сақтаудың негізгі қағидалары:

- Еңбек және демалыс режимін сақтау. Жұмыста әр кез аса зейінділікті талап ететін жұмыста оны оңайырақ түріне ауыстыратын үзілісті табуға мүмкіндік табу. Бұл мидың демалысын қамтамасыз етеді.

- Толыққанды ұйқының жағдайын жасау. Ұйқының бұзылу белгілері байқалғанда маманға қаралу.

- Ешқашан өзіндік емдеуді қолданбау. Жекелеген медициналық препараттар және гомеопатикалық заттар адам психикасына әсер етуі мүмкін екенін есте сақтау.

- Жұмыс істеу қабілетін дамыту. Шаршауға әкеп соғатын күрт шараларды жасамау. Жұмыс орнын ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Ол жер ыңғайлы және тітіркендірмейтін болуы керек.

Психикалық денсаулықты нығайту, тұрақты эмоционалды көңіл-күйі бар үйлесімді тұлғаны қалыптастыру, қазіргі қоғамға, қоршаған ортаға және ондағы адамның орнына оң көзқарас қалыптастыру, өмірдің барлық кезеңдерінде салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру мақсатында 600-ден астам балалар, жасөспірімдер мен жастарды қамтыған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дата публикации
18 мая 2021
Дата обновления
18 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы