Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар (Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе мәслихаттарының депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттарды қоспағанда), лауазымды адамдар, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдар (бұдан әрі-тұлғалар) алған сыйлықтарды – мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға жібереді
Сыйлықты тапсыру тұлғаның сатып алу не сатып алудан бас тарту туралы жазбаша хабарламасын (бұдан әрі-хабарлама) қоса бере отырып, белгіленген нысан бойынша уәкілетті орган немесе ЖАО жасайтын Мүлікті тізімдеу, бағалау және (немесе) қабылдау – беру актісі бойынша жүзеге асырылады.
- уәкілетті органның немесе ЖАО атауы;
- сыйлық тапсырушының Т.А.Ә., лауазымы, жұмыс орны, байланыс деректері;
- сыйлықтың атауы, оның саны және қысқаша сипаттамасы;
- сыйлықты сатып алуға келісім беру немесе сатып алудан бас тарту туралы ақпарат.
Бұл ретте, сатып алған жағдайда хабарламада жоғары тұрған лауазымды адам сатып алуды келіскені туралы белгі (т.а.ә., лауазымы, қолы, мөрмен расталған) қояды.
Бұл ретте тұлғалардың ЖАО-ға өткізген сыйлықтары бойынша бағалау жүргізу және сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі жергілікті атқарушы органнан тиісті хабарлама алған сәттен бастап есептеледі.
5.Уәкілетті орган арнаулы мемлекеттік қордан сыйлықты тапсырған адам оны сатып алудан жазбаша түрде бас тартқаннан кейін ғана үшінші тұлғаларға сатуға құқылы.
Анықтама үшін: "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 472-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға сыйлық түріндегі мүлікті толық және (немесе) уақтылы бермегені үшін, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, әкімшілік-құқықтық жауапкершілік көзделген.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы облыстық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің мекенжайы:
Талдықорған қаласы, Біржан сал көшесі, 130.
тел:24-53-49