Меню

Страницы

Статья

Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың 7 және 9 Мамыр – Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті Алматы облысының тұрғындары!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жеңіс күні қарсаңында аталып өтілетін 7 Мамырдағы көктем мерекесі барлық майдангерлердің ерлік істерін ел жадында жаңғырта отырып, жауынгерліктің даңқты дәстүрінің ұрпақтан ұрпаққа жалғастығын танытып келеді. Бұл мамыр мерекесі – қайсарлық пен қажырлықтың, батылдық пен ерліктің символы.

Бүгінгі заманымыздың Отан қорғаушыларына құрмет көрсете отырып, біз бүгінгі ыстық ықылас, ізгі құттықтауларымызды Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне арнаймыз. Қаншама жыл өтсе де, сол сұрапыл кезеңдегі аға ұрпақтың қаһармандық шежіресі біздің жадымызда жатталып қалды.

Жеңіс жолында жанын берген майдангерлердің алдында басымызды иеміз, ұрыс даласында батырлықтың ерен үлгісін көрсеткен ардагерлерге, сол сияқты тылда күні-түні бел шешпей еңбек еткен ата-әжелерімізге бізге ашық аспан, бейбіт өмір сыйлағаны үшін зор алғыс айтамыз. Әкелереміз бен аталарымыздың Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі, ел алдындағы парызына деген адалдығы – бүгінгі ұрпақ үшін көнермес үлгі, бізді біріктіретін қуатты күш, барлық қиындықтан алып шығар темірқазық іспетті.

Құрметті жерлестер!

Жаудың жат пиғылынан азат етіп, біздің бүгінде бейбіт елде ұрпақ өсіріп, бақытты ғұмыр кешуімізге жол ашқан ерлердің есімі мәңгі ұмытылмайды, ерліктері ешқашан ескірмейді. Денсаулықтарыңыз мықты, жандарыңыз сергек, ғұмырларыңыз ұзақ болсын, қадірлі ардагерлер!

Баршаңызға бұлтсыз аспан, тыныштық пен молшылық, шаңырақтарыңызға қуаныш пен бақыт тілеймін! Отанымыз – Қазақстан Республикасының іргесі нық, бірлігі бекем болып, қуаты арта берсін!

Дата публикации
06 мая 2021
Дата обновления
06 мая 2021
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы