Денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары облыстың 300-ден астам тұрғынын қамти отырып, 55 түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, өткізді. Оның ішінде, "Өзіңді туберкулезден қорға!" тақырыбында 18 семинар және 1 пікір-сайыс, ұрпақты болу денсаулығын қорғау бойынша семинар, «Вакциналар бізді жақындатады!» атты 6 семинар, 5 пікірталас және 3 спорттық іс-шара, 11 семинар және 1 пікірталас «Ескерту! Қорғау! Егу!" тақырыбында, 11 семинар және 1 пікір-сайыс "Жаны саудың-тәні сау!» тақырыбында өткізілді. Іс-шаралар офлайн форматта және онлайн режимінде мессенджер бағдарламалары (zoom, whatsapp) арқылы өткізілді. Іс-шараларға мектеп жасына дейінгі балалардың, оқушылардың, колледждер мен ЖОО студенттерінің, оқытушылардың, ұйымдар қызметкерлерінің қатысты.