2021 жылдың 22 сәуірінде ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Алакөл ауданының кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп, облыс әкімінің орынбасары С. Тұрдалиев бекіткен 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша дөңгелек үстелдер/семинарлар өткізу кестесін орындау үшін, Алакөл ауданының кәсіпкерлерімен «Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы өзгерістер туралы», сондай-ақ СЭҚ қатысушыларының Техникалық реттеу саласындағы заңнама талаптарын сақтауы бойынша онлайн-режимде бейнеконференция форматында дөңгелек үстел өткізді,
Дөңгелек үстелде департамент басшысы Бақытжан Мұхтаров, басшының орынбасары Бибигүл Омарова, бас мамандар Гүлмира Абдрасилова, Марат Төлеужанов сөз сөйледі.
Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты-ұлттық заңнама шеңберінде техникалық реттеу саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу, өзгерістер енгізу және қабылдау туралы қатысушыларды ақпараттандыру болып табылады.
Департамент мамандары слайдтарда «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңына енгізілген жаңалықтар, өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі жаңа тәсілдер туралы ақпарат ұсынды. СЭҚ қатысушыларының Техникалық реттеу саласындағы заңнама талаптарын сақтау мәніне бірлескен іс-шаралар (ТРМК мен МКК арасында) туралы ақпарат жеткізілді.
Соңында дөңгелек үстелге қатысушылардың барлық қойылған сұрақтарына толық жауаптар берілді.


