Меню

Страницы

Статья

Облыс әкімі А.Ғ.Баталовтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы сөйлеген сөзі, 06.04.2021 жыл

Құрметті Асқар Ұзақбайұлы!

 1 слайд. Ауру деңгейінің өсуіне байланысты
29 наурызда карантиндік режимді күшейту туралы жаңа қаулы шығарылды  (соңғы аптада КВИ-мен ауырғандардың өсу қарқыны 1,3% құрады, бір тәулікте 255 жағдай тіркелді).

2 слайд. Демалыс күндері барлық жерде локдаун енгізіледі.

Жұмыс күндері қоғамдық тамақтану ұйымдары мен мейрамханалардың жұмыс уақыты сағат 21-ге дейін, базарлар мен сауда үйлерінің жұмысы сағат 17-ге дейін шектелді.

Аурудың өсу қарқыны жоғары аудандарда (Жамбыл, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ,  Іле аудандарында және Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларында) қатаң шараларды көздеген жекелеген қаулылар қабылданды (мейрамханалар, кафелер, сауда үйлері мен базарлар жұмысы 15 сәуірге дейін тоқтатылды).

3 слайд. Инфекциялық стационардағы төсектер саны 3802 бірлікке жеткізілді (жүктелу
50,9
% құрайды (1936 адам), реанимация – 8,9% (29 адам). Пессимистік сценарий жағдайында төсек санын
8 мыңға
дейін жеткіземіз.

4 слайд. Облыс тұрғындарына 205 жедел жәрдем бригадасы және 391 мобильді бригада қызмет көрсетеді.

Соңғы аптада 22 мың ПТР-зерттеу жүргізілді.  Облысқа 24 мың вакцина жеткізілді, 18 мың адам вакцина алды. Облыс жаппай вакцина жүргізуге дайын. 109 егу пункті дайындалды. Қажет болған жағдайда 1016 пункт жұмыс жасайтын болады.

5 слайд. Мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді (1 наурыздан бастап 4643 рейд барысында 26 мың нысан тексеріліп, 290 карантиндік режимді бұзу жағдайы анықталды).

Президенттің тапсырмасы бойынша кәсіпкерлік нысандарының жұмыс тәртібі «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік палатасы филиалымен бірлесіп штабта жеке қаралады. Сондай-ақ, облыстық прокуратура жанынан рейдтер барысында мониторингтік топтардың  жіберген бұзушылықтары бойынша колл-орталық құрылды.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақты бақылауда. Қабылданған шараларды ескере отырып, сәуірдің екінші жартысында аурудың төмендеуі күтілуде.

Назарларыңызға рақмет!

 

Дата публикации
06 апреля 2021
Дата обновления
06 апреля 2021
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы