Халықтың санитариялық - эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауын бақылау мақсатында, жергілікті жерлерде эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау бойынша облыс бойынша 20 қала мен аудан бойынша 268 мониторингтік топ құрылды.
Жыл басынан мониторингтік топтармен 38703 объект қамтылды, 491 карантиндік режимді бұзу анықталды, 413 хаттама жасалды, 261 объектіде 29.003.725 теңге сомасына әкімшілік жаза қолданылды, оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілерінде 9.305.230 теңге сомасына 45 хаттама, объектіге байланбаған жеке тұлғаға 6.630.760 теңге сомасына 143 хаттама жасалды, өндіріп алу бойынша 1 материал сот органдарына берілді. Құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты 3 хаттама бойынша істер 741-бап бойынша қысқартылды, 5 хаттама бойынша істер 64-1-бап бойынша қысқартылды.
Бүгінгі күні 01.11.2020 ж. бастап барлығы 10 құқық бұзушылық фактісі анықталды, барлығы шағын кәсіпкерлік объектілерінде, прокуратураның аумақтық органдарына 8 хат жолданды, 6 объектіде нұсқамалар берумен жоспардан тыс тексерулер тағайындалды және өткізілді, 4 объектілерге байланыстырылған жеке тұлғалар болып табылады. Барлығы 12 хаттама жасалды, оның ішінде ЖК-6, Жеке тұлғаларға – 6 хаттама жалпы сомасы 2.342.615 теңге. Бір объектіге қатысты материалдар 462-баптың 3-бөлігі бойынша сотқа жолданды, 277.800 теңге сомасына айыппұлдың қызметін тоқтата тұру және өндіріп алу туралы сот шешімі қабылданды.Облыс бойынша үйлестіру орталықтары құрылды. Жыл басынан бері Үйлестіру орталықтарынан 46 шұғыл хабарлама келіп түсті (12 шұғыл хабарлама бойынша құқық бұзушының жеке тұлға екендігі анықталды), оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілеріне – 23, құқық бұзушыларға нұсқама берумен және әкімшілік шаралар қабылдаумен 34 тексеру тағайындалды және жүргізілді - барлығы 46 хаттама жасалды: заңды тұлғаларға – 3, ЖК – 31, Жеке тұлғаларға - 12 хаттама, жалпы сомасы 12.047.210 теңге.