Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшінің этикасы жөнінде

«Әдеп нормаларын сақтау. Басты қағидаттар мен негіздері» тақырыбында Алматы облысының аудан, қалаларында мемлекеттік қызметшілерімен семинарлар легі өткізілуде. Наурыз айында Көксу. Ескелді, Қаратал аудандары мен облыс орталығы Талдықорған қаласының әкімдігі қызметкерлерімен кездесу жоспарланған.

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбеттеріне өте жоғары талаптар қойылады, өйткені  мемлекеттік қызметті жүзеге асыру қоғам мен мемлекет тарапынан жүктелген ерекше сенім. Әрбір мемлекеттік қызметші жоғары стандарттарға сай болып, кәсіби түрде қызмет көрсетуге ұмтылуы керек, іскерлік этикет ережелерін сақтау мемлекеттік мекемелерге деген сенімділікті арттыруға көмектеседі.

Жалпы, адам баласы мемлекеттік қызметте ғана емес, барлық жерде, әсіресе қоғамдық ортада  әрдайым әдепті болуы керек. Әркім ең басты этикалық ереже -  «Өзіңмен қалай қарым-қатынас жасағың келсе, басқалармен де солай бол» деген алтын қағидатты есте сақтауы тиіс.

Бүгінгі оқушы, білімгер қоғамның ертеңгі тұлғасы, болашағы. Этика отбасынан, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан, мектептерден басталып, жоғары оқу орындарында жалғасуы керек. Баладан лайықты ересек адамды тәрбиелеу үшін оған жас кезінен бастап этика дегеніміз не және ол не үшін қажет екенін түсіндірген жөн.

Мемлекеттік қызметшіден мемлекет мүдделері мен азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауы талап етіледі. Ол бұзылған жағдайда мемлекет зиян шегіп, азаматтардың мемлекеттік мекемеге теріс пікірін туғызады.

Мемлекеттік қызметтегі жоғары кәсібилікке жету үшін іскерлік этикет пен қызметтік тәртіп ережелерін қатаң сақтау қажет. Әрбір мемлекеттік қызметші, дәрежесіне қарамастан, осы ережелерді білуге ​​міндетті.

 

Дата публикации
16 марта 2021
Дата обновления
16 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы